100 мың шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынды

100 мың шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынды

Шенділер шетел көліктеріне байланысты біршама қатаң шара қолдануды көздеп отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Енді шетелдік нөмір таққан және «транзиттік» машинаға сақтандыру берілмейді. Қазақстанда міндетті сақтандыру полисі болмаса көлік жүргізу мүмкін емес, ереже бұзған жүргізушіге Әкімшілік кодекстің 230-бабы бойынша 10 АЕК айыппұл салып, машинасын айыптұраққа қояды.

 

 

5 қыркүйекте сақтандыру компанияларына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хат жазып, мына шарттарды сақтауды міндеттеді:

 

«Жол жүрісі туралы» заңның 65-бабы 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған жайғдайда және Бірыңғай сақтандыру базасында бұрын жасалған шарттағы деректермен салыстыру нәтижесі бойынша міндетті сақтандыру шартын жасау қажет.

 

Ішкі істер министрлігі ұсынған көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жазылған тізімдегі (24.08.2022 жылғы 05-8-90/1-14618 хат, 24.08.2022 жыл) ЕЭО-ға мүше емес мемлекетте тіркелген, Қазақстан азаматының атына сақтандырылған 12 000 машинаны сақтандыруға болмайды.

 

Ішкі істер министрлігі ұсынған көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жазылған тізімдегі Ресейде де, Қазақстанда да тіркелмеген 88 мың машинаны сақтандыруға болмайды.

 

Бұл нені білдіреді?

 

Сақтандырушылар ЕЭО-ға мүше емес мемлекеттен келген автокөлігі бар Қазақстан азаматымен мұндай машина біздің елде тіркелгенге дейін сақтандыру шартын жасамайды. Одан бөлек ресейлік нөмір таққан, бірақ «ауада» тұрған, яғни Ресейде есептен шығарылып, Қазақстанда тіркелмеген көлік иелерімен де шарт жасасуға тыйым салынады.

 

Автосақтандыруға тыйым салу заңды ма?

 

Агенттік «Кедендік реттеу туралы» кодекстің 347-бабына сүйеніп сақтандыруға тыйым салып отыр, ол бойынша шетелдік азамат ЕЭО-ға мүше емес елден Қазақстанға автокөлікті бір жылға ғана әкеле алады және мұндай машинаны «кедендік алымдарды төлемей» ЕЭО азаматтарының басқаруына немесе иелігіне беруге тыйым салынады.

 

Шетел азаматы шетелдік нөмір таққан машинаны уақытша әкелу туралы шартпен елге кіргізе алады, бірақ оны Қазақстан азаматына беруге және «сақтандыру» арқылы сатуға болмайды. Бұған кедендік салық, утиль алымы және бастапқы тіркеу сомасын (бұл ақшаны көлік бір жылдан кейін елден кеткенде иесіне қайтарып береді) төлегеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

 

Демек ЕЭО-ға мүше емес елде тіркелген автомобильді аталған алымдарды төлемей Қазақстан азаматына беру заңға қайшы. Ал Азаматтық кодексте заңсыз мүлікті сақтандыруға болмайтыны жазылған. Сол үшін объектісі заңсыз мүлік болған сақтандыру шарты жарамсыз деп танылады.

 

Қазір «ауада тұрған» 88 мың бұрынғы ресейлік машинаның жағдайы да осыған ұқсас. Олар ешбір елде тіркелмеген, сол үшін сақтандыруға тыйым салынады. Мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат болса да пайдасы жоқ, өйткені оларды Ресейде тіркеуден шығарып тастаған.

 

 

Бұл тыйым қазір Ресейде тіркеуде тұрған, Қазақстан азаматы мініп жүрген көліктерге әсер етпейді. Мұндай машинаны сақтандыруға болады әрі елде емін-еркін жүре бересіз, бірақ жыл сайын 30 күнге Қазақстан аумағынан шығару керек.

 

Қазақстанда енді сақтандыру полисін ала алмайтын көліктер тізімін қайдан көруге болады?

 

Мына жерден! 👇

 

ЕЭО-ға мүше емес елдерден келген 12 мың автокөлік (тізім)

88 мың автокөлік

 

Мұндай машина иелері мәселені шешу үшін көлігін заңдастыруға тиіс, басқа жол жоқ. Жеңілдікпен тіркеуге мүмкіндік беретін амнистия көмегіне жүгінесіз немесе техниканы Қазақстаннан шығару керек. Тіпті болмаса көлікті бөлшектеп, автобөлшек ретінде сатуға тура келеді. Әйтпесе машина айыптұраққа кетіп, иесі айыппұл төлейді. 18 қыркүйектен бастап полицейлер тіркелмеген көлік мінгендердерді жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін.

 

Қазір бар сақтандыруға не болады?

 

Қолданыстағы сақтандыру полисі онда жазылған күнге дейін жарамды. Бірақ машина жоғарыда аталған тізімге енсе немесе Қазақстанға келгеніне көп болмаса сақтандыру рәсімдеуге рұсат берілмеуі мүмкін.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста