Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгерді

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгерді

Қазақстанда көліктерді заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істер көбейген. Сол себепті жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгерді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Агенттіктің мәліметінше, ақпараттық жүйелер осал, процестер жеткіліксіз цифрландырылған, автокөлікті тіркеу рәсімі жетілдірілмеген, емтихандарды қабылдау рәсімінің құқықтық олқылықтары және автомектептерде атүсті оқыту салдарынан заңсыз делдалдық қызметтер пайда болған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдады.

 

Қазіргі таңда ұсыныстардың жартысынан көбі орындалды:

 

Мәселен, ішкі істер министрлігі өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жапты.

 

Сонымен қатар, ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін бейнетіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.

 

Пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды.

 

Арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды.

 

Заң жобасы ҚР парламентінде қаралып жатыр.

 

"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар әлі де болуы мүмкін. "Көмекшілердің" заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста