Заңдастырып үлгермеген шетелдік көлікті қалай уақытша тіркейді?

Заңдастырып үлгермеген шетелдік көлікті қалай уақытша тіркейді?

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көлігін ЕЭО елдеріндегі бұрынғы тіркеуінен шығарып үлгермей, сол үшін заңдастыра алмаған тұрғындар машинасын Қазақстанда 5 жылға дейін уақытша есепке қоя алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Алтынбек Жамалиев мұндай машинаны кейін елден шығару немесе қайта тіркеу талабымен уақытша есепке қоятынын айтты. Полицейлер уақытша есепте тұрған машинаға көлік құралын тіркеу куәлігі мен Қазақстанның мемлекеттік нөмірі берілетінін айтты. Әдеттегі нөмір бере ме, әлде арнайы (мысалы А сериялы сары түсті) нөмір таға ма, ол жағы белгісіз. Көлік иесі мына төлемдерді төлейді:

 

* мемлекеттік нөмір үшін баж салығы — 9660 теңге;

* көлік құралын тіркеу куәлігі үшін — 4313 теңге;

* қарапайым тіркеу үшін — 863 теңге.

 

Тіркеу куәлігінде «уақытша тіркелген», «иеліктен шығаруға және Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған» деген жазу болады. Шетелдік тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сақтауға өткізу керек. Көлік иесі машинасын ел аумағынан шығаратын болса, Қазақстан нөмірі мен құжатын өткізіп, бұрынғы құжаты мен нөмірін алады.

 

Жамалиевтің айтуынша егер көлікті бұрынғы елден есептен шығарып, Қазақстанда тіркегісі келсе, иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлеп, заңдастыра алады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста