Ресей нөмірімен біздің елде қандай көліктің жүруіне рұқсат?

Ресей нөмірімен біздің елде қандай көліктің жүруіне рұқсат?

Полицейлердің есебі бойынша 120 мың машинаның қозғалысына тыйым салынбайды деп хабарлайды kolesa.kz.

 

ҚР ІІМ мәліметінше қазір Қазақстанда ресейлік нөмір таққан 200 мыңнан астам көлік бар. Олардың кем дегенде 80 мыңы Ресейде есептен алынған, оларды әдетте «ауадағы» машиналар деп атайды. Мұндай көліктерді қалай анықтауға болады, қайсысы айыптұраққа қойылады, қайсысы қойылмайды?

 

Ресейлік нөмір таққан қандай көлік Қазақстанда жүре алады

 

Мынадай құжаты бар машиналар Қазақстан жолдарында еркін қозғала алады:

 

РФ МЖҚИ-да (ГИБДД) тіркелген;

Қазақстанда сақтандырылған;

Ресейлік жарамды техбайқау картасы бар.

 

Ресейде тіркелген көлікті мемлекеттік автоинспекция сайтынан тексеруге болады, ол үшін көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін немесе VIN-кодын енгізу керек.

 

Ресейде тіркелген машинаға заңды түрде иелік ету үшін мына құжаттар керек:

 

сатып алу/сату келісімшарты;

көлік иесінің жарамды сенімхаты;

көлік құралының төлқұжаты.

 

 

Ресейлік нөмір таққан қандай көлік Қазақстанда жүре алмайды

 

РФ МЖҚИ (ГИБДД) есептен шығарған;

Ресейде пайдалануға тыйым салынған: қозғалуына тыйым салынған, ұрланған, іздеуде жүрген және т. б.

 

Автокөліктің «таза екенін» қалай тексеруге болатыны жайлы бөлек мақала жазғанбыз.

 

 

Машина есептен алынған болса не істеу керек?

Есептен алынған көлік Қазақстанда тіркелуге тиіс. Оған қойылатын талаптар:

 

рөлі сол жақта;

Еуро-4 стандартына сай;

ABS жүйесі бар;

жүргізушінің қауіпсіздік жастығы орнатылған;

балалар орындығын орнатуға арналған ISOFIX жүйесі бар;

күндізгі жарық шамдары болуға тиіс.

 

Ресейден әкелінген көлікті кедендік тірекеуден өткізу қажет емес, бірақ Қазақстанда есепке қою үшін утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу сомасын төлеуге тура келеді.

 

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін көлікті Қазақстаннан шығару керек немесе қосалқы бөлшек түрінде сатуға болады.

 

Ресейде пайдалануға тыйым салынған көліктерге қатысты әрбір істі Қазақстан полициясы жеке-жеке қарастырады.

 

ҚР ІІМ ӘПК МАИБ басшысы Юрий Козлов ресейлік нөмір таққан көлік иелеріне тіпті тіркеуі мен құжатында еш мәселе жоқ машиналар да біздің елде бір жылға дейін ғана жүре алатынын ескертті. Бір жылдан кейін көлікті кемінде бір айға елден шығару керек, содан кейін Қазақстанда жалғасты пайдалануға болады.

 

Айта кетейік, Қазақстанда қараша айының басынан бері Ресейде тіркелген көліктерді тексеріп жатыр: есепте жоқ машиналар анықталып, айыптұраққа қойылды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста