Қолданыста болған автокөлікті сатып аларда нені ескеру қажет: Aster.kz кеңестері

Қолданыста болған автокөлікті сатып аларда нені ескеру қажет: Aster.kz кеңестері

Қайталама нарықта техникалық жағдайы бағасына сай темір тұлпар табу оңай шаруа емес. Мұны бұрын-соңды қолданыста болған көлікті сатып алған әрбір қазақстандық жақсы біледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның үстіне заң тұрғысынан да автокөліктің құжаттары барлық талаптарға сай болуы тиіс. Ал сатушылар көп жағдайда қымбатқа өткізу үшін көліктің кемшіл тұстарын жасырып қалады.

 

Қолданыста болған көлікті сатып алар кезде қандай кеңестерді есте ұстанған жөн? Aster.kz сарапшылары айтып берді.

 

№ 1 кеңес. Көліктің заңды екенін тексеріңіз

 

Автокөліктің заң тұрғысынан “таза” болуы – бірінші кезекте мән беру қажет дүниелердің бірі. Мәселен, көлік ұрланған немесе кепілде болуы мүмкін. Сәйкесінше, оның жаңа иесі бұл проблемалардың барлығын арқалап қана қоймай, тіпті, автомобильді пайдалана алмай қалуы да ғажап емес. Онымен қоса, мәселелерді шешу үшін уақыт пен қосымша қаражат жұмсауға тура келеді. Бұл тұрғыда утилизациялық алымды да ұмытпаңыз.

 

Темір тұлпардың заңнамалық жағынан шикіліктерінің бар-жоғын тексеру үшін Aster.kz сайтындағы AsterCheck қызметіне жүгінуге болады. Ол үшін көліктің бірегей сәйкестендіру нөмірін немесе VIN-кодын білу жеткілікті. Әдетте бұл кодты алдыңғы есік жақтауынан (әдетте жүргізушінің, кейде жолаушының есігінде жазылады), алдыңғы терезеден, қозғалтқыштың бетінен, жылу оқшаулағыш қалқадан; сол жақ дөңгелектің ішкі доғасынан немесе рульден таба аласыз.

 

№ 2 кеңес. Көліктің “тарихына” көз жүгіртіңіз

 

Автомобильдің қанша шақырым жол жүріп өткені – екінші маңызды критерий. Себебі бұл көліктің шынайы “жасын” көрсетеді. Кейде сенімсіз саудагерлер көлікті қымбатырақ сату үшін бұл көрсеткішті азайтып қояды.

 

6 жыл ішінде Aster.kz бұрын қолданыста болған жүз мыңдаған автокөлікті тексеріп үлгерген. Қазір де AsterCheck есебінің көмегімен темір тұлпардың шынайы жүріп өткен жолы мен одометрдегі көрсеткішті салыстыра аласыз. Осыған орай, сарапшылар бұл көрсеткіштер күмән тудырса, автомобильді сатып алудан аулақ болуға шақырады. Өйткені алдағы уақытта мұндай көлікті айдаған немесе сатылымға шығарған кезде күтпеген мәселеге тап болуыңыз ықтимал.

 

№ 3 кеңес. Автомобильдің техникалық жағдайына мән беріңіз

 

Келесі кезекте темір тұлпардың техникалық жағдайын тексеріңіз. Көбіне сатып алушылар боялған бөлшектердің болмауын немесе корпустың жөнделмегенін көріп, бір тұжырымға келеді. Дегенмен көліктің қозғалтқышын жөндеу оны боятумен салыстырғанда көп шығын талап ететінін естен шығармаған абзал. Негізгі бөлшектер тұрақты түрде техникалық қызметтен өтуді талап етеді, сондықтан автомобильдің ішкі компоненттерін бір шолып шығуға ерінбеңіз. Мысалы, көліктің майы ағып тұруы жақсылықтың нышаны емес.

 

Aster.kz сайтының көмегімен үйден шықпай-ақ, автокөлік корпусын, қозғалтқышын, трансмиссия қорабының жай-күйін бірден тексеріп, 360 градус режимінде оның іші-сыртын көріп, уақыт үнемдей аласыз.

 

 

 

№ 4 кеңес. Көлікке кететін шығындарды алдын ала анықтаңыз

 

Кез келген автокөлік, тіпті жаңасы да үнемі техникалық бақылаудан өткізуді қажет етеді. Ал 50 мың шақырымды жүріп өткен соң автомобильді мамандандырылған орталықта  міндетті түрде жоспарлы жөндеуден өткізу керек. Сол себепті де көлік алар кезде оның бөлшектерінің бағасын, жөндеуге кететін шығындарды алдын ала анықтап алған жөн.

 

Ал Aster.kz сайтынан автокөлік сатып алғандар бұл туралы алаңдамай-ақ қойса да болады. Себебі 30 күнге әрбір клиентке қозғалтқыш пен трансмиссия қорабы үшін кепілдік беріледі. Бұл кепілдікті сақтандырудың қолайлы пакетін таңдай отырып, тағы 1 жылға ұзартуға болады.

 

Осылайша, бұрын қолданыста болған автокөлікті сенімді түрде Aster.kz сайтынан сатып алуға болады. Компания өз кезегінде темір тұлпардың заң тұрғысынан таза болуына,  техникалық  жағдайы туралы деректердің шынайылығына, қозғалтқыш пен трансмиссия қорабына 30 күндік тегін кепілдік береді. Мұнымен қатар, белгілі бір себептерге байланысты көлік ұнамай қалған жағдайда 7 күн ішінде басқасына айырбастай аласыз.

 

Сондай-ақ, автокөлікті “қолдан” сатып алған күннің өзінде де әрбір азамат сенімді саудагерлердің қажетті ақпарат көрсетілген хабарландырулары бар Aster.kz сайты мен AsterCheck қызметінің көмегіне жүгініп, мәмілені қауіпсіз етуге болады.

 

"Aster.kz қайталама нарықтағы сауданың ашықтығын арттыратын қызметтерді дамытуға басымдық береміз. Біз сатып алушылар мен сатушыларға тиімді мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін ақпараттың шынайы әрі қолайлы болуына қамтамасыз еткіміз келеді. Бұл өз кезегінде көлігіне ұқыпты әрі жауапкершілікпен қараған әрбір азаматқа автомобильді лайықты бағада сатуға мүмкіндік сыйлайды”, – дейді Aster компаниясының бас атқарушы директоры Илья Буланов.

 

 

 

Адал әрі ашық болу – компанияның басты ұстанымы. Сонау 2020 жылы Aster.kz ең алғашқы болып пайдаланылған автокөліктердің техникалық жағдайын ашықтығын қолжетімді етті. Осылайша, елімізде тек Aster.kz автокөлік қандай кемшіліктерге ие екенін көрсетіп қана қоймай, оның негізгі бөлшектеріне кепілдік беретін жалғыз ұйым екенін аңғаруға болады. 

 

"Aster.kz сайтында 25 000-нан астам тексерілген автомобиль бар. Хабарландыру берушілердің барлығы дерлік өз көлігін адал жолмен сатуды қалайтын азаматтар деп сенімді түрде айта аламын. Біздің платформада клиенттер темір тұлпардың техникалық жағдайын тексеріп, оны жан-жақты, 360 градуста көре алады. Бұған қоса серіктес банктер арқылы автокөлікті бөліп төлеуге немесе несиеге рәсімдеуге болады. Айтып отырғанымыз, автомобильді сату үрдісін тез әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне Aster.kz сайтында хабарландыруды тегін жариялау қарастырылған”, – деп түйіндеді ұйым басшысы.

Қолданыста болған автокөліктерді сатудағы шынайылықтың арқасында Aster.kz жыл сайын сатылымдарды 2 есе арттырып, дилерлік желіні кеңейтіп отыр. Қазақстанның барлық ірі қалаларында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Қостанай, Тараз және Өскеменде Aster.kz автосалондары бар. Ал 2022 жылдың мамыр айында Aster автосалондары Атырау, Көкшетау, Петропавл, Қызылорда және Орал қалаларында есігін айқара ашпақ.

 

Aster.kz тек көліктерді сатумен ғана емес, шығармашылықты қолдайды. Мәселен, жақында ғана Aster мен Нұрлан Қоянбаев бірлесуімен әзірленген "Қазақша туризм" тележобасы көрермендерге жол тартты. Жобаның мақсаты - қазақстандықтарға әртүрлі елдердің мәдениетін, табиғаты мен салт-дәстүрлерін паш ету.

 

 

Алдағы уақытта Қазақстанды әлемге таныту үшін шетелдік қонақтарды Қазақстанға шақырып, жаңа бағдарлама түсіру ұйымның жоспарында бар.

 

Ал тексерілген әрі кепілдігі бар қолданыста болған көліктердің тізімін Aster.kz сайты мен қосымшасынан таба аласыздар.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста