Қазақстанда көлік сақтандыру төлемдерін рәсімдеу жеңілдеді
Осы кезге дейін көлік апаты болған жағдайда жүргізушілер алдымен полицияға жүгініп, содан кейін құжаттарды сақтандыру мекемесіне ұсынатын. Бұл көп уақыт алатын еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір барлық процесті автоматтандырып қойды. Жол апаты болғанда полиция рәсімдеген хаттама базаға түседі де, тексерістен өтеді. Содан кейін құжат сот пен сақтандыру компаниясына жолданады. Жүргізуші сақтандырушыға барып, шығынды есептетеді. Ең соңынан SMS арқылы сотқа шақырту алады.
Көлік апаты туралы материалды сақтандыру компанияларына онлайн жөнелтуді Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және Мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесе отырып ұйымдастырды.