Автомобильді кедендік тазарту процесі жеңілдейді

Kolesa.kz редакциясына Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қайсар Шалабаев жақында көлік қауіпсіздігін растайтын куәлікті электронды форматта алуға болатынын хабарлады, - деп мәлімдейді Alashainasy.kz тілшісі.

Бұған дейін азаматтар бұл құжатты тек қағаз түрінде ресімдеп, куәлік тіркелгенге дейін 5 күн күтетін, бұл кедендік тазарту процесін баяулатады. Оның үстіне осы аралықта машинаны уақытша сақтау қоймасына қоюға тура келді (бір күнге 2 мың теңге төлейсіз).

 

Енді жауапты органдар қағазбастылықты жойып, куәлік берілгені туралы ақпаратты экспорт-импорт операциясына арналған бір терезе порталы арқылы бірден бірыңғай дерекқорға жібереді.

 

Құжат сәйкестікті растау жөніндегі органдар қол қойған сәтте реестрде пайда болады да, машинаны кедендік рәсімдеу жұмысын кешіктірмей жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

Қ.Шалабаевтың айтуынша шенділер жақында көлік құралының типін мақұлдау құжаты мен шасси типін мақұлдау құжатын да электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста