Көлік терезе тазалығышы қатып қалмасын десеңіз

Көлік терезе тазалығышы қатып қалмасын десеңіз

Қыс келісімен көлік жүргізушілері жауын мен қардың зардабын тартып, көлікпен әуре-сарсаңға түседі. Мысалы көлік терезе тазалағышының істен шығуы. Оны үзіп алсаңыз, щеткасына зиян келеді. Ал оны түнде көтеріп қоюға болмайды &ndash созылып, серіппесі бұзылады. Көлік сүйер қауым бұл мәселемен күресудің бірнеше амалын тапты.

 

Астына аққайнардың (шампан) қақпағын салу

 

Щетка әйнекке жабысып қалмауы үшін екеуінің ортасына аққайнар қақпағын қыстырып қойсаңыз болады.

 

Картон төсеу

 

Терезе тазалағышты сүртіп, әйнектің кез келген жерін таза сүрткішпен құрғатыңыз. Содан кейін екі араға картонның кішкене бөлігін салып қойыңыз. Арасын бөліп тұру үшін қатты қағаз қолдансаңыз да жарайды.

 

Терезе тазалағышқа целлофан қалта кигізу

 

Сонда щеткаға, беткі терезеге қар да, ылғал да тимейді.

 

Терезе тазалағышқа шұлық орап қою

 

Терезе тазалағышқа шұлықты орап, оның астыңғы жағын сүрткішпен сүртіп, құрғатқан абзал. Әйтпесе таң атқанда шұлық әйнекке жабысып, ажырату одан сайын қиындай түсуі ықтимал.

 

Терезе тазалағышқа арнайы сұйықтық қолдану

 

Мұз боп қатуға қарсы сұйықтықтың барлығына спирт қосылады. Оны беткі терезеге не щеткаға шашып қоюға болады немесе арнайы автохимия өнімдерін қолданыңыз. Оның құрамында су жұқтырмайтын силикон бар. Арнайы автохимияны терезе тазалағышқа жақсаңыз, мәселенің алдын алуға көмектеседі. Кірінен арылтып, резеңке бөлігіне сұйықтық жағуды апта сайын қайталап отыру қажет.

 

Жылыту жолағын орнату

 

Оны интернет дүкендерден қолжетімді бағаға табуға болады. Жылыту жолағын терезе тазалағыштың қарсы бетіне, яғни көліктің ішкі жағына әйнекке жапсырып қояды. Қатып қалған терезе тазалағышты 3-5 минут ішінде жібітеді.

 

Щетканы қыстық түріне ауыстыру

 

Қысқы мезгілге арналған терезе тазалағыштардың қорғауыш қаптамасы болады. Оның қарға және мұзға қарсы тұратын металл құрылымы және тазартатын арнайы элементі болады.

 

 

 

massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста