Ақмола және Павлодар облыстарында ауа-райы күрт нашарлап, боран мен көрінудің шектелуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі тасжолдарда шектелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1. "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;
2. "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
Жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілді.
Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы бар екенін еске саламыз.
Қосымша ақпарат алу үшін ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.
Республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа-райы болжамын және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырамыз!