Жетісу жұрты достықты пен бірлікті қалайды

Жетісу жұрты достықты пен бірлікті қалайды

Бір­лік пен тыныштық болмай қан­дай да бір ал­­ға ба­су­шылық бол­­­май­тынын әлемде болып жат­­қан түр­­лі саяси оқи­ға­лар көр­сетіп отыр. Сондықтан біз­­дің елде құрылған дос­­тық инс­ти­тутының, яғни Қа­зақ­стан хал­­қы Ас­сам­блеясы (ҚХА) рө­лі­нің зор еке­нін қан­ша қайта­лап айтсақ та артық емес.
Мемлекеттік ұлттық саясаттың не­гізінде сенім, салт-дәстүр және то­ле­ранттылық секілді асыл құн­ды­лықтар жатыр. Бүгін оны әрбір қазақ­стандық түсініп келеді. Ең алдымен бұл бүгінгі күні Қазақстанда үйлесім мен өзара тү­сі­ніс­тік орнатқан, бірлік пен ынты­маққа негізделген президенттік сая­сат­тың жар­қын көрінісі. Осы орайда бүгінгі күні Жетісу өңіріндегі түрлі ұлт өкілдері де табыстың басты кілті татулық екенін жақсы түсінген. ҚХА жұмысында оның жанынан құ­рылған түрлі қоғамдық ұйымдар ерек­ше рөл атқарады. 

Сол қоғамдық ұйымдардың бірі, құ­рыл­ға­нына аз ғана уақыт болған Ана­лар кеңесі жас­тардың тәрбиесіне ат­са­лысып келеді. І. Жан­сүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік универси­те­тінің жанынан құрылған Ассамблея­ның ғы­лы­ми-сараптамалық тобы ау­қым­ды ғылыми тал­дау жұмыстарын атқаруда. ҚХА кафедрасы түр­лі өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерт­теулер жасап, этника­ара­лық жағдайларға мони­то­ринг жасайды.

Жуырда медиация бағыты бойын­ша облыс­тық сот, «Нұр Отан» партия­сының филиалы және облыстық ҚХА ара­сында ынтымақтастық ту­ралы ме­мо­­рандумға қол қойылды. Достық үйін­де ме­диа­ция кабинеті ашылып, «сенім теле­фоны» жұмыс істейді. Дәл осындай кабинеттер облыс­тың барлық аудан, қалаларында бар.

Осыдан бес жыл бұрын ҚХА-ның жаңа мін­дет­теріне байланысты ел ау­мақтарында Қо­ғам­дық келісім кеңес­тері құрылып, оларға әкімдіктер жаны­нан консультативтік-кеңес беру мін­дет­терін орындау жүктелді. Бұл орайда об­лыста жүйелі жұмысты әрбір ауыл­ға дейін жеткізу көздел­ген. Жергі­лікті атқарушы органдар мен қоғамдық инс­титуттардың арасында өзара бай­ланысты же­тілдіру үшін бүгінгі күні об­лыста 252 Қоғам­дық ке­лісім кеңесі жұмыс істейді. Олар қоғамның өзін-өзі басқару салтын қалыптастыра отырып, аза­маттық белсенділікке ынта­лан­ды­ру­да, сөйтіп өзін еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің сенімді факторы ретінде орнықтырып үлгерді. 

Облыстық ҚХА басты бағыттары­ның бірі ретінде қайырымдылық шара­ла­рына зор мән беріп келеді. Бұл облыстық ҚХА ат­қар­ған ауқымды істің бір бөлігі ғана.

«Тәуел­сіз ел­дің тарихы – Ұлы Дала пер­зенттері», Қап­ша­ғайдағы «Біз – Қазақстан халқы» об­лыстық фо­рум­­да­ры, «Балқар, күрд, ко­рей, татар мәде­ние­ті күн­дері», Славян жа­зуы мен мә­дениетінің күндері секілді іс-шаралар нәтижесінде облыс халқы ынтымақтарын нығайта түсуде. Талды­қорған қаласында ал­ғаш рет болгар хал­қы­ның Раушан фестивалі ұйым­дас­ты­рылды. Оған қоса «Таубұлақ» эколо­гия­лық лагерінің базасында ұлттық ойын­­дар фести­валі өт­кі­зілді. Бір мез­гіл­де жаппай «Мәңгілік ел – па­триот­­тық ак­тісі» тақырыбына диктант жазу шара­сы да қолға алынды. Мем­ле­кет­тік тіл­ді білуге қа­тысты емти­ханға түр­лі жас­­тағы 1800-ге жуық адам қа­тысты.

Өзі құрылғаннан бергі кезеңде ҚХА бір­ліктің насихатшысы болып қана қоймай, елдің эконо­микалық қуа­тын арттыруға белсене атсалысып ке­леді. Бұл туралы ҚХА-ның соңғы «Тәуел­сіздік. Ке­лісім. Болашағы бір ұлт» атты ХХІV сессия­сын­да да ай­ты­лып, оның соңы «Мәңгілік Ел» Патриот­тық актісін қабылдауға ұлас­қан болатын.

Елбасымыз «Мәңгілік Ел» Па­триот­­­тық актісі бойына халқымыз құр­­ған жалпыұлттық құнды­лық­тарды жинақтаған, Қазақстан мен оның да­му тағ­дыры үшін мемлекет – қоғам – азамат үштігінің өзара жауапкер­ші­лігін айқындаған құнды құжат екенін атап өткен еді.

Алматы облыстық ҚХА-ның көп­те­ген мүшесі бизнес құрылымдарын сауатты басқарып, облыс­тың қоғам­дық өміріне белсенді араласуда, оған қоса өздерінің азаматтық позиция­ла­рын білдіріп отырады. 

 Аудан, қала әкімдері «Мәң­­­­гілік Ел» Патриоттық актісінің бірлік, бейбітшілік, келісім деген баға жетпес құндылығын әрбір шаңыраққа жеткізу үшін этномәдени бірлестік­тер­дің әлеуетін кеңінен пайдалануы керек. Осыған орай әрбір елді мекен­де Ассамблея аясында өткізілетін қайы­рымдылық шараларын үйлестіре отырып, әлеу­меттік бағыттағы жұ­мыс­тарды жандандыра түсу қажет. Сон­дай-ақ, алдымызда Қоғамдық ке­лі­сім кеңестерінің рөлін күшейту мін­деті тұр. Бұл жұ­мыс­тар қағаз жүзінде қалып қоймай жатқаны көңіл қуантады.

 Алматы облыстық Ассамблеясы бұ­­дан әрі де ел игілігі үшін тыныш­тық пен тату­лық жо­лында тер төгіп, бірліктің символы ретінде жұмыс ңстей бермек!

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста