Халық театрларының аймақтық фестивалі ұйымдастырылуда

Халықаралық театр күніне орай 28 наурызда Алматы облысы Шонжы ауылындағы аудандық мәдениет  үйінде «Жаңа Қазақстан – жаңа руханият» атты халық театрларының аймақтық фестивалі өтеді. 

Фестивалдің басты мақсаты – руханият әлемін ауыл сахнасы арқылы таныстырып, табыстыру, ауыл халқына театр өнерін табыстыру болып табылады. Сондай-ақ, Алматы облысы аумағындағы аудандық театрлардың гастрольдік сапарлар кестесін келісіп, тәжірибе алмасу, білім жетілдіру, репертуарын және өз мұқтаждықтарын ақылдаса отырып біріге шешіп, түрлі  семинарлар мен форумдар өткізу мәселелері де осы шарада қамтылмақ.

Фестиваль ұйымдастырушылары «Бұл үлкен істің бастамасы ғана. Ешкімнен бір тиын қаржы сұрамай, өзара келісіммен өткелі отырған тұңғыш аймақтық фестивалге келешекте көршілес Қырғыз елінің де шекараға жақын аудандарынан халық театрларын шақыру жоспарда бар. Бұрынғы кездері екі елдің өнерпаздары көршілес аудандарға гастрольдік сапарға шығып, жаз жайлауда малшыларға біріге өнер көрсетіп жүруші еді. Сол дәстүрді қайта жаңғырту ойымызда»,  – дейді.  Шараға  Райымбек ауданының «Хантәңірі», Ұйғыр ауданының «Қарадала» театрларымен, Кеген аудандық халық театры, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Қаракемер» және Талғар ауданының қуыршақ театрлары қатысады деп күтілуде. Ауыл халқын мәдениетпен сусындататын шара халық қызығушылығын туғызып отыр.  

Е.КЕБЕКБАЙ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста