Спорт және патриотизм

Спорт және патриотизм

Мемлекеттік Ту көкте желбіреп, Әнұран айтылған сәтте, елім-жерім, отаным деген әрбір азаматтың ұлттық намысы ойнап, арқасы қозып, рухтанып кетер3 анық. Мұндай сәттерді, әсіресе, спортшыларымыз әлемдік додаларда топ жарып, салтанатты марапаттау рәсімі болған кезде жанкүйерлер тарапынан жиі байқап жатамыз. Өйткені, сол сәтте спортшысы топ жарған елдің Туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады.

 

Естеріңізде болса, Ташкентте осы жылдың 1-14 мамыр аралығында бокстан әлем чемпионаты өтті. Сол дүбірлі додада төрт боксшымыз (Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін)) алтыннан алқа тағынып, көк Туымызды көкке желбіретіп, Ташкент төрінде Әнұранымызды аспанда қалықтатты. Турнир жеңімпаздарын марапаттау кезінде бір қызықты жағдай орын алды. Өзбек акаларымыз (білмей істеді ме, жоқ әлде, біле тұра іштарлық жасады ма) Қазақстан Республикасы Әнұранының бірінші шумағын қосып, екінші шумаққа келгенде өшіріп қойды. Сол сәтте, Ташкентке боксшыларымызды қолдауға барған жанкүйерлер іліп әкетіп, Әнұранның екінші шумағын шырқай жөнелді. Міне патриотизм. Бұл Отанға, елге-жерге, ұлтқа деген нағыз сүйіспеншіліктің көрінісе еді. Осы бір сәт елім деген талай қазақтың рухын оятып, намысын қаузап, көзіне жас алдырған болар.

 

Өкінішке қарай, мұндай сәттерге әркез куә бола бермейміз. Тіпті, кейде әлемдік додаларда Көк Туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалып жатқанда да, базбір спортшыларымыз жұмған ауызын ашпай тұра береді. Білмей ме, жоқ әлде, біле тұра айтқысы келмей ме ол жағы бізге қараңғы. Егер білмесе, үйренуге не кедергі?! Балабақшадағы 4-5 жасар балалар жатқа айтатын Әнұранды сотқалдай спортшыларымыз неге жаттап алмайды? Демек олардың Әнұранды жаттауға құлқы жоқ. Әнұранға деген құрмет жоқ. Отанға деген патриоттық сезім жоқ. Демек ондай спортшылар жарысқа ел намысы үшін емес, өз табысы үшін барады деген сөз. Ең сорақысы, мұндай спортшылар қатарында өзге ұлт өкілдерімен қоса өзіміздің қаракөздеріміз де бар. Бұл тақырып бүгін көтеріліп отырған жоқ. Бұл мәселе төңірегінде талай журналист мақала жазды. Тіпті, олардың арасында «Әнұран айтылғанда қолын кеудесіне қойып, қосыла шырқамайтын спортшыларды әлемдік додаға апармау керек» деп пікір айтқандар да болған. Менің ойымша, бұл пікірдің жаны бар. Талап болған жерде тәртіпте болады. Солай болған жағдайда спортшы әлемдік додаға қатысу құқығынан ғана емес, қомақты ақшадан да қағылады. Бәрімізге белгілі, әлемдік бәйгеде оза шапқан сортшыға мемлект тарапынан, жеке кәсіпкерлер тарапынан, спортшының шыққан өңіріндегі жергілікті билік тарапынан ақшалай сыйақы, темір тұлпар, тегін баспан беріліп, арғымақ мінгізіп жатады. Ал мұндай сый-құрметтен ешкім де бас тарта қоймас. Осыншама сый-құрмет көрсетіліп жатқанда Әнұранды жаттап алмау арсыздық болар.

 

Кейінгі жылдарда Қазақстанға өзге елдерден спортшы тарту үрдісі белең алған. Ондағы мақсат не? Түсініксіз! Олардың гонарарын естігенде естен танып құлайсыз. Сол спортшылар қазақтың атын шығару үшін жанын салып ойнай ма?! Әй, қайдам! Олардың басты мақсаты Қазақстанның атын әлемге таныту емес, қалтасын қампиту. Оладың бәрі де қара басының қамы үшін жүргендер. Әнұран шырқалғанда қосылу былай тұрсын, олар кеудесіне қолын да қоймайды. Қанша ақша берсеңіз де оларды Қазақстанның патриоты ете алмайсыз. Олай болса, неге оларға миллиондап ақша беруіміз керек?!

 

Сондай бір шетелдік спортшыға төленетін бір жылдық ақшаға спорт мектебін салуға болады. Ал елімізде қаншама легионер жүр?! Демек бір-екі жыл легионер шақырмасақ, Қазақстандағы әрбір ауылға балалар-спорт мектебін салуға болады екен. Ал сол спорт мектептерінен шыққан балалар елінің нағыз патриоты болатынына еш шүбә жоқ. Өйткені, спорт мектептері  балаларды спортқа ғана емес, отансүйгіштікке де тәрбиелейді. Ал, ол балалар мемлекеттің қамқорлығын ешқашан ұмытпайды.

 

Әрине, мемлекет қол қусырып қарап отыр деуден аулақпыз. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан бұқаралық спортты дамыту мәселесіне көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударды. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» - деді Президент.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасын орындау бойынша Үкімет «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірледі. Аталмыш жоспарға сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

 

Тағы бір айта кетерлік мәселе – біздің елде қалталы азаматтардың мешіт салу, ата-бабасына ескерткіш орнату үрдісі белең алған. Әрине біз оларға мешіт салма, ескерткіш орнатпа демейміз. Айтарымыз, тек, алдымен сол ауылға қажет спорт, денсаулық нысандарын тұрғызса екен деген тілек қана. Бұл мәселе мемлекет басшысының назарынан да тыс қалмаған. Қасым-Жомарт Тоқаевтің Атырау облысы жұртшылығымен кездесуде «ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет» деген сөзі осының дәлелі болса керек.

 

Қорыта айтқанда, қанша ақша берсек те шетелдік легионерлерді Қазақстанның патриоты ете алмасымыз анық. Сол ақшаны қазақ балаларының болашағына бағытасақ, елімізде мықты спортшылар, нағыз патриоттар шығарына шүбә жоқ.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста