Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ассамлеясының қоғамдық медиаторларының республикалық форумы өтті. Іс-шара – «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» тақырыбы төңірегінде өрбіді.
Форумның басты мақсаты – тәжірибе алмасу, еліміздегі медиация институтын дамытудың жолдарын саралау, медиаторлар арасында кәсіби байланыстарды дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы аясында дауларды балама жолдармен шешуді насихаттаудың жаңа формаларын қарастыру болып табылады.
Жиынға облыс басшлығы, білім беру, құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, облысымыздың барлық деңгейдегі депутаттары, жастар және БАҚ өкілдері атсалысты.
Форум жұмысы пленарлық отырыстан, кәсіби шеберлікті арттыруға арналған семинарлардан, интерактивті тренингтерден құралды. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Арынова алғысөзінде медиацияны қоғамдық келісімді дамытудың әмбебап институты деп атап өтті.
Жиынға арнайы қатысқан Президент Әкімшілігі жанындағы ҚХА хатшылығының сарапшысы Инара Раhимзада «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сот және құтық қорғау органдарының өкілдері баяндамаларын жиналған қауым назарына ұсынды.
Іс-шара ұйымдастырушыларының бірі, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Медиация орталығының басшысы Ольга Николашина өз сөзінде: «біздер медиацияның қоғамға кірігуінің жаңа тарихи дәуірін аттағалы отырмыз» - деп атап өтті. «Бүгінгі форум еліміздің 12 өңірі мен облысымыздың барлық қалалары және аудандарынан келген қатысушылардың орталық тілдесу алаңықна айналып отыр. Форум медиаторлардың жұмысын жұртшылыққа паш етуге және медиацияны насихаттауға зор мүмкіндіктер береді. Бүгінгі жиынның басты мақсаты – демократиялық қоғамды дамытудағы медиацияның баға жетпес рөлін арттыру бағытында күшімізді біріктіру болып табылады. Қазіргі таңда өңірімізде облыс әкімі Болат Бақауовтың қолдауымен бұл бағыт бойынша қыруар жұмыстар атқарылуда», - деп атап өтті О.Леонидовна.