Қайырымдылық жұмыстары жалғасын таппақ

Қайырымдылық жұмыстары жалғасын таппақ

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде қайырымды істер жасауда бірден бір көшбасшы ұйым. Негізінен елдегі татулық пен ынтымақтастықты сақтауды мақсат тұтқан, көпшілік те ассамблеяның негізгі міндеті осы деп ұққанымен бұл институттың 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында қайырымдылық саласын дамыту басты міндеттерінің бірі саналады.
Ассамблеяның қайырымдылықпен айналысуы Қазақстандағы бірегейлік пен бірлікті азаматтық қағидат негізінде нығайтудың бір жолы ретінде көрсетілген. Осы орайда еліміздегі этномәдени орталықтар қайырымдылық концерттерін, «Қайырымдылық керуенін», қайырымдылық акцияларын өткізіп, қайырымды істер жасауда алда келеді.
20 жылдан астам уақыт тиімді жұмыс істеп келе жатқан бірегей институт, аналогы жоқ институт бүгінде БҰҰ, ОБСЕ секілді халықаралық ұйымдар таң қалып қарайтын ұйымға айналып отыр. Еліміздегі 130-дың үстінде ұлт бар, шынымен де осылар тату тұрып жатыр ма, шынымен де осылардың бірлігі жарасқан ба деген сұрақтар оларды да мазалайды. Келіп көріп, таңданып жатқан жағдайы бар. Елбасы өзі құрған ассамблея бүінде көпшілікке үлгі.
Мәселен Ассамблея өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жасалып жатқан қайырымдылық шараларының барлығының үйлестірушісіне айналған. Нәтижесінде 87 миллион теңгеге қайырымдылық жасалған. Қайырымдылық жұмыстарының барлығына этнос кәсіпкерлері бір кәсәдей қатысқан. Облыстық тәжік этно-мәдени орталығының мүшесі Жетісай қаласының жанындағы ауылда өзінің 124 миллион теңге қаражатына балабақша салып берген. Ал түрік этно-мәдени орталығының басшысы Латифша Асанов құрбан айт кезінде 20 қара мал шалып 700 отбасыға таратып берген. Жыл аяғында «Қайырлы іс» атты форум өткізіп, Облыстық әзіл-сықақ театры келіп өнер көрсеткен. 500-ге жуық кәсіпкерді шақырып, олардан 4 миллион 600 мың теңге қаражат түсіп, ол қаражат 5 балаға 500 мың теңгеден бөлініп берілген. Айта кетер жайт, түскен қайырымдылық қаржысын арнайы қабылдайтын, реттейін комиссия құрылған. Жақын күндері комиссия отырысын өткізіп жиналған қаржыны дімкәс балаларға бөлініп берілген. Тізе берсек әр өңірдегі ассамблея өкілдерінің қайырымдылық жұмыстары өте көп, Ассамблеяны осындай игі іске жұмылдыра білген Елбасының көргенділігі тәнтті боларлық. Алдағы уақытта қайырымдылық жұмыстары жалғасын таба береді дейді өңір басшылары. 
Еркенұр Ерзия 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста