Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету

Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету

Өкінішке қарай, бүгінгі әсірешіл қоғамда жалаң ұранмен айтақтап, өзі ғана адасып қоймай, елді де тура жолдан тайдыратын жалған патриоттар да табылып жатады. Олардың көздегені елдің қамы емес, өз қара басының күйі.

 

Жалпы патриотизм деген не? Егер де көшеде кезіккен кез келген адамнан «патриотизм деген не?» деп сұрасаңыз «Отанды сүю» деп жауап берері хақ. Ал "Отанды сүю" деген жалпылама ұғым. Сондықтан да "Отанды сүю" дегенді әркім өзінше түсінеді. Біз бүгін патриотиз жайлы кеңірек айтуға тырысып көрейік.

 

Бір сөзбен айтқанда, патриотизм – грек (patris - отан, атамекен) сөзінен шыққан, яғни отаншыл деген ұғымды білдіреді. Патриотизм – отанды, атамекенді, өз ұлтын және оның тілі мен әдет-ғұрпын, дінін риясыз сүю, елге кіршіксіз қызмет ету.

 

Қарағанды жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы «Мемлекет тұтастығын сақтаудың бірден-бір кепілі – патриоттық сезім. Отанға деген сүйіспеншіліктен, Отанға қызмет етуден артық құнды ұғым жоқ. Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету» - деген болатын.

 

Расымен де, егер (айтқан жерден аулақ) соғыс заманы болса, қолға қару алып, отанды қорғау патриотизмнің негізгі көрсеткіші болар еді. Ал бейбіт заманда ше? Бейбіт заманда патриотизмнің негізгі бағытының бірі қажырлы еңбек ету, елге қызмет қылу болса керек. Еңбек күшінің басым бөлігін жастар құрайтынын ескерсек, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу басты назарда болуы тиіс. Егер жастар өз елінің патриоты болсын десек, олардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын көтеріп, олардың білім алуына, алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасауымыз керек. «Ұлым деген ел болмаса, елім деген ұл қайдан болсын» демекші, егер мемлекет жастардың жағдайын жасаса, жастардың ел үшін аянбай қызмет етері сөзсіз. Ондай жағдайда білімді жастарымыздың шетел аспасы да анық.

 

Кеңес дуірінде өмір сүрген аға буын өкілдерінің КСРО-ға деген патриоттық сезімі әлі сөнбеген. Неге? «КСРО мемлекеті қалай болды» деп сұрай қалсаңыз, көпшілігінен «керемет» деген жауап аласыз. «Несімен керемет» десеңіз, тегін білім алдық, тегін медицинамен қамтамасыз етті, жұмыссыздық деген атымен болған жоқ, әрбір отбасы баспанамен қамтылды» деп жауап береді. Осы бір оң шешімін тапқан бірнеше әлеуметтік мәселелер үшін олар КСРО-ға деген сүйіспеншілігін сақтап қалған.

 

Демек, жастар мемлекеттің қамқорлығын көріп, туған жердің қасиетін жүрегіне сіңірсе, олардың бойында елге деген патриоттық сезім өшпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан жастар конгресінде «Ел мен жердің қасиетін жүрегінен өткізе білген адам кез келген ерлікке бара алады. Бұл біздің жастарға тән қасиет» деген сөзі осыны меңзесе керек.

 

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына, білікті маман болып шығуына жағдай жасалуда. Заман талабына сай білім беретін мектептер бой көтеруде. Бұл мектептер заманауи компьютерлермен, интерактивті тақтамен, тәжірибелік лабораториялармен жабдықталған. Кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің техникалық базалары жаңартылып, өзық үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталып, тәлімгерлердің білікті маман болып шығуына толықтай жағдай жасалып келеді. Ендігі кезек жастарда. Жастар алған білімі мен біліктілігін, күш-жігерін ел игілігі үшін жұмсауы қажет. Өкінішке қарай, жастар арасында кабинетте отырып, көп ақша табуға болатын кәсіп иесі болуға ұмтылу тенденциясы бар. Соның салдарынан жұмыссыз жүрген жоғары білімді заңгерлер мен қаржыгерлер қатары көп. Жастар арасында өндіріске баруға деген ұмтылыс төмен. Бұл өз кезегінде кей салаларда маман тапшылығын туындап отыр. Нәтижесінде, жұмыс берушілер жұмысқа шетелдік мигранттарды тартуға мәжбір болып отыр.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар екен. Осы жылдың1 мамырындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етуде. Олардың қатарында басшылар мен олардың орынбасарлары – 583;  құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 2 993; мамандар мен білікті жұмысшылар – тиісінше 7 080 және 891 адам; маусымдық жұмыстарға тартылғанда - 1 717 және  корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам жұмысқа тартылған. 

 

Еңбек мигранттарының басым бөлігі құрылыс саласында - 5 317 адам; орман және балық шаруашылығында – 1 572 адам; тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам; кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 979 адам; өңдеу өнеркәсібінде –  960 адам. Оладың қатарында Қытай елінен келгендер – 3 652  адам;  Өзбекстаннан – 1 843 адам; Үндістаннан – 1 741 адам; Түркиядан – 1 534 адам.

 

Қазақ жастары, патриоттық сезімін білім, ғылыммен сусындап, қажырлы еңбек ету арқылы білдіреді деп сенеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз» деген болатын. Біз де әрбір қазақ жастарының Отанының, туған елінің, ұлтының патриоты болатынына кәміл сенеміз.

 

Қазақ жастарының бойындағы отансүйгіштік қасиет ешқашан жоғалмайды деген ойдамыз.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста