Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кеш өтті

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кеш өтті

Балаларды қорғау күні аясында Талдықорған қаласы, Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен - дарынды баламын» шығармашылық фестивалі өтті. Аталған фестивалді Қазақстан халқы Ассамблеясы мен КММ «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұйымдастырды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен аналар, тұрмысы төмен отбасылар Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі қайырымдылық жасайтын нысанасы деуге болады. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылып отырған фестивалдің мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, қатысушылардың жеке шығармашылық әлеуетін ашып, қалыптастыру үшін көмек көрсету, сонымен қатар, балалар шығармашылығын қолдау саласында мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының және қоғамдық бірлестіктер қарым-қатынастарының инновациялық тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Балаларды қорғау күнінде бұл олар үшін жасалған үлкен сый болды.

Кеш барысында Фестивалдің өзіне жүктелген міндетінің үдесінен шыға білгенін байқадық. Мүмкіндігі шектеулі, дарынды балалардың таланттарын айқындап, алдағы уақытта оларды дамытуды да мақсат еткен кеш ұйымдастырушылары мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табарына сендірді.

- Өйткені балалардың жеке шығармашылық дамуы мен әлемді танудағы эмоционалды-эстетикалық сезімін қалыптастыру; мүмкіндігі шектеулі балалардың дарынды жақтарының қалыптасуына нақтылы көмек көрсету; - ұжымдар арасында шығармашылық және достық қарым-қатынас орнату жақсы нәтиже беретінін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық деңгейлерін көтерудің олардың дамуына тиімді екенін мамандар да қолдайды. Осыны түсінген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кештерге жиі көңіл бөліп келеді.

 

Шара барысында алғашқы құттықтау сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Сурабалдиноваға берілді. Мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталған ол облыстық ассамблеяның қоғамымыздағы кез келген іс-шарада белсенді екенін атап өтті.

Байқауға облыстық сауықтыру орталығы, нашар көретін балалар, Көксу аудандық сауықтыру орталығы және «Қамқор» балалар үйінен 50 бала қатысты.

Ал Достық үйі фойесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ұйымдастыруымен барлық көрермендер жүрегіне жол таба алған көркемөнер бұйымдары көрмесі өтті. Мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан сан түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға тырысқан олардың әрекетіне мамандар риза болысты.

Фестивалға қатысушылардың арасынан мектеп директорлары мен тәрбиешілер Достық үйінің атынан мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, фестивалға қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жалпы бұл Фестиваль 5 номинация бойынша өтеді – «Вокал», «ым-ишара арқылы ән айту», «хореография», «көркемдік өлең оқу» және «сәндік-қолданбалық өлең оқу». Яғни бес түрлі бағытта мүмкіндігі шектеулі балалардың өнері сыналады.

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста