Мемлекеттік тілге деген патриоттық сезімді шовинизммен шатастырмау қажет

Мемлекеттік тілге деген патриоттық сезімді шовинизммен шатастырмау қажет

Мемлекеттік тілге деген патриотизм ұлттың тілі мен салт-дәстірінің қалыптасуында ерекше саяси мәнге ие. Өйткені, кез келген мемлекеттің территориясы, мемлекеттік тілі, ұлттық салт-дәстірі мен мәдениеті болуы шарт. Осының бірінен айырылған ел толықтай мемлекет болып қалыптаса алмайды. Сондықтан мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі биік болып, мемлекеттің барлық секторында мемлекеттік тілдің үстемдігі орнауы тиіс.

 

Бүгінгі күні жаһандану мен интернационализация, ғаламдық ықпалдастық ерекше күшке ие. Сондықтан да өзінің тілі, салт-дәстірі мен мәдениетінен мақұрым болған ұлттың жаһандануға жұтылып кету қаупі жоғары.

 

Әрине бұл жаһанданудан бас тарту керек деген сөз емес. Бүгіні заман - білім және ғылымның, технологияның заманы. Экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет болу үшін елдегі білім мен ғылым, технология қарқынды дамуы тиіс. Ал білім және ғылымның, технологияның дамуында ғаламдық ықпалдастықтың алар орны ерекше екенін де естен шығармауымыз керек. Алайда, ұлттық мүдде бәрінен де жоғары тұруы шарт. Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаевтың «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген сөзі осыны меңзесе керек.

 

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда елімізде ұлттық патриотизді (біліп, білмей) шовинизммен шатастырып жүрген базбір ішкі және сыртқы арандатушы күштердің бар екені жасырын емес. Ең өкініштісі – олардың арасынан өзіміздің қаракөздеріміздің де бой көрсетуі. Мемлекеттік тіл мәртебесі сөз болғанда олар «өзге ұлттарға, олардың тіліне қысым жасалып жатыр» деп ұлардай шулап, Қазақстан азаматтарының арасына шоқ тастап, от жағып, ұлтаралық наразылық тудыруға тырысып бағуда. Бұл әрине шындыққа жанаспайтын байбалам. Керісінше, біздің елде өзге ұлт өкілдерінің дамуына толықтай қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы соның нақты дәлелі. Оған қоса елімізде өзге халық өкілдерінің ондаған Орталықтары жұмыс жасайды. Әрбір Қазақстан азаматының бойында, ұлтына қарамастан «Қазақстан – менің Отаным, ол менің өсіп-жетілуіме, білім алуыма, тұлға болып қалыптасуыма мүмкіндік беріп, жағдай жасауда, сондықтан, сәйкесінше, мен де елдің дамуына, дамыған елдердің алдыңғы қатарында болуы үшін аянбай еңбек етуіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілін бәрінен жоғары қоюым керек» деген патриоттық сезім болуы тиіс.

 

Ақын Қадыр Мырза Әлидің «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деген өлең шумағы бүгінгі таңда үлкен мәнге ие болып тұр. Иә, бүгінгі таңда өзге тілді білу – қажеттілік. Яғни, ғылым мен техника қарыштап дамып жатқан мына заманда жаңа технологияларды игеру үшін тіл білу керрек-ақ. Дана халқымыздың «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деуі де сондықтан. Яғни, өзге тілдерде еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтірері анық. Алайда, қандай жағдайда да, мемлекеттік тіл – қазақ тілін бірінші орынға қою шарт.

 

Бір өкініштісі, – Тәуелсіз мемлекет болғанымызға отыз жылдан асса да, өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігі Қазақстанда жасап, қазақтың асын жеп, суын іше отырып, әлі де болса, мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге немқұрайлық танытуы. Одан да сорақысы – өз қаракөздеріміздің ана тіліне деген сатқындығы. Әрбір қазақ баласы ана тіліне деген құрмет анаға деген құрмет екенін түсінуі тиіс. Екі-үш шет тілін меңгерген қаракөздеріміздің ана тілін білмеуі ана тіліне деген сатқындық емей не!? Әйтпесе, мемлекет аянып қалған жоқ. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренем деушілерге арнап жүздеген орталықтар ашты, миллиарттап қаржы бөлді. Алайда, ниет танытушылар аз. Нәтижесінде, қаржы жемқорлардың астауына түсіп, жұтқыншағына жұтылып, асқазанына өтіп кетті.

 

Әрбір мемлекет үшін тіл саясаты ерекше мәнге ие екенін жоғарыда айттық. Ол саясатты әр мемлекет өзінше жүргізеді. Осы орайда, тарихқа үңіліп, КСРО-ның тіл саясатына көз жүгіртіп көру, біз үшін артық болмас. КСРО тіл саясатын білім ордаларынан бастады. Бір орыс ұлтының өкілі жоқ елді-мекендерде орысша балабақша, орыс мектептерін ашты. Жоғарғы оқу орындарында дәріс түгелдей дерлік орыс тілінде оқылды. Жұмысқа орналасуда да орыс тілділерге басымдық берілді. Осыны ескерген қазақтардың басым бөлігі балаларын орыс мектептеріне берді. 80-жылдарға келіп Қазақстанда орыс мектептерінің үлесі арттып, орыс тілінің мәртебесі биіктей түсті. Нәтижесінде қазақтардың жартысынан астамы ана тілін ұмытып, шүршітке айналды. Сол бір орыстандыру саясатының салдары әліге дейін жойылмай келеді. КСРО-ның сол саясатын бүгінгі таңда Қытай елі де қолға алған. Бүгінгі таңда, Қытайдың Алтай өлкесіндегі қазақ мектептері түгелдей қытай тіліне көшіріліп отыр. Бұл белгілі бір уақыттан кейін Қытай қазақтарының жойылып кетуіне әкелі соқтырары анық.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тізгінін қолға алған алғашқы күндерден бастап-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы жұмыстардың жалғаса беретінін қадап айтып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруді үнемі назарда ұстау керектігін ескерткен болатын.  

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

 

– Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Тіл өткен тарихты, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет.

 

Қорыта айтар болсақ, еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктің Отанға деген сүйіспеншілік екенін түсінуі тиіс. Яғни, «Қазақстан – менің Отаным» деген әрбір адам мемлекеттік тіл – қазақ тілін біліп қана қоймай, оның мәртебесін арттыру үшін аянып қалмауы қажет.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста