Биыл еліміздің рәміздерінің 30 жылдығы болса, ал елтаңба авторы, көрнекті сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып, мерейтойын тойлап отыр. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік Елтаңбаның авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен арнайы құттықтап, жылы лебізін бірдірді.
Мемлекеттің дамуы жолында сіңірген еңбегін атап өтіп, зор денсаулық тіледі.
Сондай-ақ мерейтойын тойлап отырған Жандарбек Мәлібекұлы жақында I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын.