Кітап оқитын ұрпақ қана елінің ертеңін ойлайды

Кітап оқитын ұрпақ қана елінің ертеңін ойлайды

Балалық шақ адам бойындағы азаматтық қасиеттердің алғы шарттары  қалыптасатын кезең.  Сондықтан бала күнінде берілген тәрбие мен білім болашақ тұлғаның іргетасы. Жеткіншектің қандай азамат болатыны осы кезеңде көрген-білгеніне, оқыған-тоқағанына тікелей байланысты.  Егер дұрыс тәрбие мен сапалы білім алса, ол бала нағыз отаншыл азамат болып қалыптасады. Өйткені патриоттық сезім өзінен-өзі пайда болмайды. Балалардың бойында патриоттық сезімді ояту үздіксіз жүргізілетін жұмыс.  Өз еліне деген мақтаныш пен Отанына, оның мәдениетіне, тарихына, табиғатына, халқына, туған жеріне сүйіспеншілігін оята алғанда ғана – нағыз адал азамат қалыптасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде осы мәселеге де баса мән берді. «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн»,  – деп атап өтті  Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президентіміз жастарымызды ғылым-білімді игерген, жалқаулықтан, масылдықтан, көпсөзділіктен, жаман әдеттерден аулақ, елдің руханиятын, салт-дәстүрін, мәдениетін білетін, құрметтейтін адал азамат қылып қалыптастырудың жолдарын айтты. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп көргендікпен айтқан. Болашағын ойлаған ел ұрпақ тәрбиесіне, біліміне жіті мән береді. Сонда ғана елдің ертеңі жарқын болатыны анық. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздегі идеологиялық жұмыстарды жандандыру туралы атап өтті. Оның негізгі тетіктерінің бірі жас ұрпақты мәдени, рухани жағынан байыту жолдарын айтты. Оның негізгі жолы кітап оқитын ұрпақ қалыптастыру екеніне баса мән берді.  Елімізге шеттен келетін әдеби кітаптардың үлесі басым екеніне тоқталып, ұлт мүддесін көздеген кітаптардың саны мен сапасын арттыру керектігін, оларды басып шығару ісін жандандыру керегін, балалар смартфонның жетегінде кетпей, кітап оқуға қалыптасуы керектігін тілге тиек етті.

Иә, қазір ақпараттар ағыны толассыз, тоқтаусыз болып тұрған заманда ұрпақ қамы алаңдатарлық мәселе. Түрлі әлеуметтік желіден келіп жатқан сан түрлі ақпарат адам санасын сансыратып, сан тарау соқтықпалы жолдардың біріне адасып түсіп кетіп, тағдыры талқан болған жандар қаншама. Міне осы мәселеге алаңдаған Мемлекет басшысы «Балалар кітапханасы» атты бағдарламаны қолға алуды тапсырды. «Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазір елімізде жүз отыз миллионнан астам кітап барын, бірақ онда көркем әдебиеттің үлесі аз екенін, кітап оқитын ел ғана зиялы ұлт бола алатынын қадап айтты.

Сонымен қатар ел басшысы тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін Президент кітапханасын ашу туралы арманы барын жеткізді. Кітапханаға келген оқырман әлемнің түкпір-түкпірінен келген көркем шығармаларды, арнайы әдеби кітаптарды оқи алады. Оқырман қауым таңдаған әдебиетіне қол жеткізе алатын алып кітапхана ашылса шың мәнінде елімізде үлкен рухани серпіліс болары анық. Өйткені көркем әдебиет – өмірді бейнелі бейнелеудің негізгі құралы болатын өнердің түрі. Бұл адамның рухани өмірдің байлығы мен жан-жақтылығын көрсететін дүниені меңгерудің төте жолы. Жазушылар болмыстың әмбебап категориялары мен құндылықтарына жүгінеді. Жақсылық пен зұлымдық, шындық пен өтірік, сұлулық пен сұмпайылық, әділдік пен ар-ождан, достық пен махаббат көркем әдебиеттің негізгі өзегі. Сондықтан, балаларды адамгершілік қасиеттерге, соның ішінде патриоттық тұрғыда тәрбиелеу жолында көркем әдебиетті оқыту мол мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда балаларға арналған көркем әдебиеттер тізімі өте кең және алуан түрлі. Көлемі, формасы және стилі, жанры әртүрлі. Балалардың қабылдауына ең қолайлысы – халықтың тарихын, рухани байлығын көрсететін халық ауыз әдебиеті. Жеткіншектерге арналған халық ауыз әдебиеті шығармаларының көптеген түрлері бар. Атап айтар болсақ мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, батырлар жыры. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған санамақ, жаңылтпаштар ерекше мәнге ие болады. Халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрін баланың бойына сіңіру үшін  ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ең сүйікті жанры – халық ертегілері мен батырлар жыры. Осы жанрлар тамаша фантастикаға, драмалық жағдаяттарға, жақсылық пен зұлымдықтың қарсы тұруына толы. Балалардың көңілін көтеріп, қуантып, елітіп қана қоймай, патриотизмнің негізін қалайды. Балаларды туған елінің сұлулығымен таныстыру мақсатында табиғат туралы әңгімелерді жиі оқытқан жөн.  Мемлекет басшысы Отанды сүю қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудан басталатынын үнемі айтып келеді. Табиғаттың байлығын сақтап, әдемілігіне тамсанып, оны аялап, қадірлей алатын адам ғана елінің нағыз жанашыры.

Осы ретте баса мән беретін мәселенің бірі балалар басылымдарының таралымын арттырып, мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің бойында газет-журнал оқу мәдениетін қалыптастыру өте маңызды іс.  Елімізде жеткіншектер мен балаларға арналған «Балдырған»,  «Ұлан», «Ақ желкен», «Дружные ребята» секілді бұрыннан келе жатқан басылымдар бар. КСРО кезінде осы басылымдар мыңдаған таралыммен еліміздің түкпір-түпкіріне тарады. Жеткіншектер әр санын күтіп жүріп  оқитын басылымдар болды. Қазіргі нарықтық заманға байланысты барлық басылымдар сияқты олардың да тралымы азайды. Әсіресе балаларға арналған басылымдарға мемлекет қамқорлығы ерекше болуы керек екенін ұлт зиялылары, белсенді азаматтар үнемі айтып, жазып келеді.  Дамыған мемлекеттер балаларға арналған басылымдарға ерекше мән беріп әртүрлі бағыттағы журналдарды көптеп шығарады. Алысқа бармай-ақ оны біз өз елімізден де байқап отырмыз. Газет-журнал сататын орындарға барсаңыз өзге тілдегі, шетелдік басылымдардан, кітаптардан көз сүрінеді. Осы мәселені  Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болатыны айтпаса да түсінікті», –  деп ерекше атап өтті. Міне бұл болашағын ойлаған ел үшін ең басты мәселе. Ешқандай кедергіге қармай шешілуі тиіс түйін. Сонда ғана еліне қызмет ететін Отаншыл, рухты, адал азаматтар қалыптастыра аламыз.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста