– Әке, @ деген таңба не деп аталады?
– Бұл – «собачка» ғой.
***
Мейрамханада:
– Даяшы, мына сорпаның ішінде саңырауларға арналған тыңдағыш аппарат жүр ғой.
– Не дейсіз, қаттырақ айтыңызшы...
***
Немересі әжесіне:
– Әже, әже, мен өскенде әкім болам ба, әлде жай адам болам ба?
– Оны не үшін сұрап отырсың?
– Кеше балабақшаға жаңа ойыншықтар алып келіп еді. Соларды шетінен үйге таси берейін бе дегенім ғой...
***
Концертке сәл кешігіп келген ерлі-зайыптылар қасында отырған кісіден сұрайды:
– Айтыңызшы, қазір ойналып жатқан қандай музыка?
– Моцарттың 25-сюитасының 17-сонатасы.
– Онда біз әбден кешігіп келген екенбіз ғой.