Бір келіншек дәрігерге келеді:
– Соңғы кездері ештеңені есте сақтамайтын болып жүрмін.
– Қиын жағдай екен... Шешініңіз.
* * *
– Қымбаттым, ертең үйленгеннен кейін мен сенің барлық уайым-қайғыңмен бөлісемін...
– Жаным, менде уайым-қайғы жоқ қой!
– Мен үйленгеннен кейін деп айттым ғой.
* * *
– Осы «Рамстордың» белгісінде неге кенгурудың суреті тұрады?
– Өйткені онда баратын байлар кенгурулар сияқты «қалталылар отрядына» жатады.
***
Күнделіктегі жазу:
Жарқын жақта өмір сүрейін деп, «Билайнға» қосылып едім, бір жыл өтті – өзгерген ештеңе жоқ. Сол баяғы күйбең тіршілік...