Әзіл-шыны аралас
Денсаулық сақтау министрінің баяндамасынан:
«Қазір барлық ауруларға қарсы дәрі бар. Тіпті кейбір дәрілерге әлі ауру табылған жоқ».
***
Құтқару қызметіне телефон қоңырауы түседі:
– Көмектесіңіздер! Менің балам шыбын жеп қойды.
– Ештеңе етпейді.
– Мен оған шыбын өлтіретін дәрі беріп едім...
– Қазір жетеміз.
***
Емханадағы тексеріс:
– Сіздерде науқастардың өлімі жиі болып тұра ма?
– Жоқ, бір-ақ реттен болады...
***
Сұрақ-жауап:
– Сіздің мамандығыңыз?
– Дәрігер.
– Сіз өз-өзіңізді емдейсіз бе?
– Мен өте қымбат аламын ғой...
***
Депутаттарға ескерту:
«Депутаттық сауалды жолдамас бұрын, алдымен, оның мәтінімен өздеріңіз танысып алыңыздар».
«Бірінші маусымнан бастап әр депутат өз жұмыс кабинеттерін босатып берулері тиіс. Бәрібір онда отырмайсыздар».
«Депутаттардың жұмыс телефондарын да келесі айдан бастап желіден ажыратамыз. Бәрібір оған жауап бермейсіздер».
«Жұмыс телефондар ажыратылатынына байланысты әр депутаттың хатшылары да жұмыстан босатылады».