Депутаттарға ескерту:
«Мәжіліс залына көрпе-жастық алып кіруге тыйым салынады».
«Телефондарыңызды өшіріп қойыңыздар. Әріптестеріңізді оятасыз».
***
Радионың құттықтау бағдарламасы. Жүргізуші:
– Келесі тыңдайтын әсем ән тексіздерге арналады!
***
Қылмыскердің қорғаушысы:
– Сіз үшін екі жаңалығым бар. Жақсы және жаман.
– Жаманынан бастаңыз.
– Тексеру қорытындысы бойынша, сіздің қаныңыз әлгі мәйіттің қанымен дәл келді.
– Жақсысы...
– Сіздің қаныңыздың құрамы таза, гемоглобиніңіз жоғары, холестериніңіз аз екен.
***
Білім министрі мен оқулық авторларының диалогынан:
– Жаңа оқулықтар неге оқушыларға түсініксіз жазылған?
–Олар қазір бала ғой. Кейін өскенде бәрін түсінетін болады.