Әжесі мен немересінің әңгімесі:
– Балам даладағы гүлдерге су құя салшы.
– Далада жаңбыр жауып жатыр ғой.
– Онда қолыңа қолшатыр ала шық!
***
Мейрамханада:
– Сіздерде қандай жақсы шараптар бар?
– Алдымен «мәзірді» алып көрмейсіз бе?
– Ол жақсы ма не? Онда маған 200 грамм «мәзір» беріңіз...
***
Сот залында:
– Сонымен, жәбірленуші мырза, мен сізді түсінсем бұйырмасын, үйіңіздің тоналғанына дәрігеріңіздің қандай қатысы болуы мүмкін?
– Себебі дәрігер сол күні маған ұйықтататын дәрі беріп тұрып, «терезені ашып қойып, таза ауада ұйықтаңыз» деп кеңес берген еді.
***
Әйелі күйеуіне:
– Сен бүгін неге үйде қонбадың?
– Болды енді! Бес жыл болды ғой, осыны күнде сұрай бересің...