Әзіл-шыны аралас
Бір әдемі келіншек дүкенге келіп:
– Сіздерде компьютердің иісі бар әтір бар ма, – деп сұрайды.
– Ондай әтір болмайды ғой, болса не істемекшісіз?
– Сәл де болса, күйеуімді өзіме қаратып алсам ба деп едім.
***
МАИ қызметкері басшылыққа өтініш жазып отыр:
«Қазіргі қаржылық дағдарысқа байланысты табыс көзі азайғандықтан, менің қарауыма бөлінген көшелердің екі-үш жеріне көлік жылдамдығын шектейтін жол белгілерін орнатуға рұқсат берсеңіз».
***
Әйелі балық аулауға баратын күйеуін шығарып салып тұрып:
– Жаным, үйге фарель ала кел, болмаса сазан сатып ала сал.
***
Жол полициясы көлікті тоқтатып, жүргізушісіне:
– Белбеуді неге тақпағансың? Алты мың теңге айып!
Жүргізуші жігіт айыбын төлеп, белбеуін тағып, ары қарай жүріп кетеді. Бір кезде тағы тоқтатады:
– Белбеуің неге бос? Алты мың теңге айып!
Жүргізуші жігіт айбын төлеп, белбеуін тартып, өз жөнімен жүріп кетеді. Бір кезде тағы тоқтатады. Жүргізушінің орнында тырп етпей, қақиып отырғанын көрген полицей түк таппай:
– Алты мың теңге үшін асылып өлуге де дайынсыңдар, ә?
***
Жұмысқа жаңа келген жас және тәжірибесі жетерлік ересек екі МАИ қызметкері жол торып тұр. Бір кезде олардың қасына үлкен «Джип» тоқтап, ішінен етжеңді біреу шығып, жас полицейге 100 доллар беріп тұрып:
– Мә, иттің баласы, – деп кетіп қалады.
Тәжірибесіз әріптесінен ақшаны тартып алған ересек полицей:
– Ол қателесті. Ит деген менмін, ал сен әлі күшіксің! Білдің бе?