Әзіл-шыны аралас
– Кеше аңға шыққанда мылтығымды үйде тастап кетіппін.
– Қарусыз кеткеніңді орманға жеткенде бір-ақ білген шығарсың?
– Масқара болғанда, мылтықты ұмытып кеткенімді үйге келіп, әйеліме екі қоянды ұстатқанда ғана есіме түсірдім.
***
Сот залында:
– Айыпталушы, сіз не себепті автокөлік ұрладыңыз?
– Жұмысқа қатты кешігіп бара жатқаннан соң амалсыздан біреудің көлігін пайдалануға тура келді.
– Қоғамдық көлікке неге отырмадыңыз?
– О заман да, бұ заман, «біреу-міреу трамвай, троллейбусты айдап қашыпты» дегенді естіп пе едіңіз?
***
Полиция бөлімшесінде:
– Көлігіңіздің ұрланғанын қашан байқадыңыз?
– Кеше түнде кафеден шығып, есікті ашып, рульге отырып, от алдырайын десем – көлігім жоқ. Содан сіздерге келіп тұрғаным...
***
Қорғаушылар екі категорияға бөлінеді: біріншісі – заңды жақсы білетіндер, екіншісі – заңгер, судьяларды жақсы білетіндер.
***
Тергеу барысында:
– Сіз не үшін көшеде төбелес ұйымдастырдыңыз?
– Арнайы ғимарат жалдауға менің қалтам көтермейді.
***
Дәрігерлер кеңесінде:
– Операция сәтті өтті. Тек бұл туралы науқастың өзі біле алмай кетті...
***
Сот залында:
– Шағымданушы ханым, сіз неліктен заңды күйеуіңізбен ажыраспақшысыз?
– Осыдан жарты жыл бұрын күйеуім «темекі алып келем» деп кешкісін үйден шығып кеткен болатын. Содан өткен аптада келіп, кешкі ас ішерде: «Неге тамақ суып қалған?» – деп шу шығарды. Бәрі содан басталды.