Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсінбейтіні рас. Бүгінгі санда біз «сөк» және «жент» сөзін алып отырмыз.

СӨК – тарыдан жасалатын тағам. Сөк дайындау үшін тарыны әбден тазалап, үлкен қазанға су құйып қай­натады. Қауызы ашыла бастаған кезде шыптаға салып сүзеді. Содан оны кептірмей, қазанға салып қуырады. Күйіп кетпеуі үшін ұстауға ыңғайлы, бір жақ басына шүберек оралған былғауыш­пен араластырып отырады. Қуырылған тары піскен соң, келіге салып келсаппен түйеді. Түйілген тарының қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталған тарыны сөк деп атайды. Сөктен түрлі майсөк, жарма, тары көже, төп, жент, бөртпе т.б. дәмді тағамдар жасалады. Сүтке, қаймаққа араластырып та, құрғақтай да жеуге болады.
ЖЕНТ — қазақтар ғана жасайтын тағам. Ол суықта қатпайтын, ал ыстықта бұзылмайтын қасиетке ие. Оның дәмі мен нәрі сол күйінде сақталады. Жентті жасау әдісі өте қарапайым болып келеді. Ол үшін ең негізгі қажетті өнім — сөк. Сөкті бұрын диірменге тартып немесе келімен түйетін болмаса кофе үккішпен үгетін. Қазір техниканың дамуымен ол проб­лема шешілген. Женттің май­жент, қазыжент, сүтжент деген түрлері бар. Жармаға сарымай, құмшекер, ірімшіктің ұнтағы, мейіз қосып, әбден араластырып, бетін тегістеп, салқын жерге қою керек. Құрамы: бес кесе сөк жармасы, үш кесе ірімшік ұнтағы, екі кесе құмшекер, екі кесе сарымай, бір кесе мейіз. Ірімшік болмаса үгітілген печенье қосуға болады. Қазыженттің құрамы: үш кесе сөк, екі кесе ірімшік ұнтағы, екі кесе майдалап туралған қазының майы және бір кесе құмшекер. Сүтженттің құрамы: бір кесе сүтке бөктірілген бір кесе сөк, үш ас қасық сары май, үш ас қасық мейіз, үш ас қасық кепкен нан ұнтағы немесе печенье, үш ас қасық қаймақ.
Тағамның бұл түрлері дәруменге өте бай әрі аса құнарлы болып келеді. Сөк пен жент ораза ұстаған жандарға өте пайдалы. Бұл тағам­дардың ағзаға келтірер пайдасын айтпағанда, оны жеген адамның қарны көпке дейін ашпайды.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «жеті жетім», «жеті жетекші», «жеті амал» және «жеті жұт» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста