Алматтың әзілдері
Хирург үйіне кіргені сол-ақ екен, алдынан құйрығын бұлаңдатып тайыншадай иті шыға келеді.
Сол сәтте хирург иттің басынан сыйпап тұрып:
– Күнім менің, алтыным сол. Бірақ сен бүгін маған бекерге еркелеп тұрсың. Себебі бүгін менің ота жасайтын күнім емес.
***
– Сіз саясатпен айналысасыз ба?
– Әрине!
– Сіз қай топқа жатасыз? Белсенділер қатарына ма, жоқ әлде керісінше жаққа ма?
– Түсінбедім.
– Менің айтпағым, сіз депутатсыз ба, әлде жай ғана теледидар көресіз бе?
***
– Әке, сіз үнемі «отбасы – шағын мемлекет» дейсіз. Сонда сіз кімсіз?
– Әрине, президентпін!
– Анам ше?
– Ол билік.
– Ал апам ше?
– Ұлттық қауіпсіздік комитеті!
– Мен ше!
– Ал сен халықсың!
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу