Алматтың әзілдері
– Кеше ет комбинатында болып, колбасаның қалай жасалатынын көрдім. Екінші ет жемейтін болдым. Бүгін сүт фермасына барып, сыр, айран, сүттің қандай жағдайда жасалатынын көрдім. Бұдан былай сүт тағамдарына жоламаспын. Осы көргенім жетер! Енді арақ зауытына мені итпен сүйретіп апара алмайсың!
***
Жол полициясы басқармасы келесі айдан бастап жаңа үлгідегі радарларды қолданысқа енгізетін болды. Жаңа құралдың ерекшелігі – ол қатты жүрген көліктердің жылдамдығын емес, жүргізушіге бірден қанша ақша төлеуі керек екендігін көрсетеді.
***
Бір келіншек құрбысына мұңын шағып отыр.
– Күйеуім нағыз доңыз, әпербақан, ит екен!
– Не, қол жұмсады ма?
– Жоқ-а. Одан сұлулық салонына барып келу үшін 100 доллар сұрасам...
– Бермеді ме?!
– Бетіме үңіле қарап тұрды да, 500 доллар бере салды.