Диванда теледидар қарап отырған әкесіне баласы:
– Әке, Ай неге жұлдыздардан үлкен?
– Итім біліп пе...
– Күн неге жап-жарық?
– Итім біліп пе?
– Жер, шынымен, домалақ па?
– Итім біліп пе?
– Әке, мен сізді сұрақтармен шаршатып жіберген жоқпын ба?
– Сұрай бер балам, менен басқа кім саған осының бәрін түсіндіріп береді?!
***
Ауылдас екі кемпір жолығысып қалады:
– Сенің ана бұзақы немерең көрінбей кетті ғой...
– Жетпегір, мына Заречныйда түрмеде отыр. Ал сенің немерең қалай?
– Фейсбукта отыр.
– Ол жер тіпті алыс шығар, қанша жылға кетті?
***
Күнделігін парақтап, тексеріп отырған шешесі оқушы баласына:
– Сабағыңның бәрінен екілік алады екенсің, тек тарих пәнінен ғана баға жоқ.
– Тарихтан әлі сабақ айтқам жоқ қой.
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора