Түркия жағажайында екі қазақ кездесіп қалады.
– О, Жәке, ассалаумағалейкүм.
– Уағалайкүмассалам.
– Сізге де Бурабайда демалудың ыңғайы келмеді ме?
– Иә, ақшаны үнемдеу керек болды.
***
Екі құрбының әңгімесі:
– Жасыңыз болса отызға таяды. Неге күйеуге шықпай жүрсіз?
– Білесіз бе, маған менің ақшам мен түрім қызықтырмайтын, тек жаныма үңілетін жігіт керек.
– Ой, онда сізге Әзірейілге хабарласу керек қой.
***
Бір жігіттің әйелі үйіне күндегіге қарағанда күлімдеп кіреді.
– Жаным, мынау – саған, – деп үстелдің үстіне сыра мен кепкен балықты қояды. – Асылым, неге футбол көрмей отырсың? Қандай дәмді тамақ ішкің келеді?
– Қатты ма?
– Жоқ, қатты емес, бампері мен фарасы сынды және капоты кішкене майысты...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора