Алматтың әзілдері

Жазушының үш түрі болады:
1.Нағыз жазушы. 2. Арыз жазушы. 3. Бас жазушы.
***
Мұғалім оқушыға:
– Сен бірнеше кітабы шыққан ақынның баласысың ғой. Келесі сабаққа дейін әкеңнің бір өлеңін жаттап кел.
Арада бір-екі күн өтеді. Мұғалім:
– Неге жаттамағансың?
– Бірде-бір тәуір өлең таппадым ғой...
***
Көше бойында отырған қайыршының мойнындағы жазу:
«1, 2, 5, 10, 20 теңгеліктерді қабылдамаймын!»
***
Депутаттарға ескерту:
Құрметті депутат мырзалар, кейбір келелі мәселелерге орай жасалатын депутаттық сауалдарыңызды жария етерде «Алаш айнасына» сілтеме беруді ұмытпаңыздар!
***
Екі баланың әңгімесінен:
– Осы неге «қыстың қамын жаз ойла» дейді екен?
– Білмеймін, күн қатты суық кезде адамдардың миы дұрыс жұмыс істемей қалатын шығар.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу