Алматтың әзілдері
Қыз жігітке:
– Ертең үйде жалғызбын. Келсең жақсы болар еді.
– Әке-шешең келіп қалмай ма?
– Жиһаздарды қозғалтып, есік-терезелерді сырлап берсең болды. Қалғанын өзіміз істейміз ғой.
***
Бір кішкентай бала қару-жарақ сататын дүкенге келеді:
– Маған бір тапанша мен он шақты оқ және бір қорап сіріңке беріңізші.
– Балақай, кішкентайларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын білмеуші ме едің?
***
Бір жігіт киім-кешек сататын дүкенге келеді:
– Маған қара колготки беріңізші.
– Қай размер?
– Размер-пазмеріңді білмеймін, банкке киіп барғанға жараса болды...
***
Бір кемпір ай сайын банкке келіп, есепшотындағы ақшаны алып, сәлден кейін қайтадан кассаға салып кетеді екен. Бұл жағдай бірде тағы қайталанады. Бұны түсінбеген кассир:
– Апа, неге ақшаңызды алып, қайтып сала бересіз?
– Санап кетіп жүрмін ғой, шырағым...