Алматтың әзілдері

Бір жігіт әскери комиссариатқа келеді
– Мені теңіз флотына жіберсеңіздер.
– Суда жүзе аласың ба?
– Ол жақта қайық, кеме деген болмай ма?
***
Тергеуде:
– Шетелде туыстарың бар ма?
– Жоқ.
– Өтірік айтпа, Қытайда аға-жеңгең мен інің тұрады екен ғой.
– Олар қайта туған жерлерінде тұрады емес пе, мен ғой шетелде жүрген...
***
Таныс құрбылар 20 жылдан соң кездесіп қалады
– Мәссаған, өзгеріп кетіпсің ғой, танымай қалдым.
– Ал мен сені таныдым.
– Қалайша?
– Мынау үстіңдегі сол баяғы сары көйлегіңнен...
***
Ауылдағы көршілер әңгімелесіп тұр
– Түнде қоразың сонша шақырды ғой. Не боп қалды?
– Жазғы уақытқа ауыстырдым...
***
Мектептен келген баласына әкесі:
– Тағы не бүлдірдің?
– Әке, бұл жолы біреуден қарыз алмасаң, бәрібір оған айлығың жетпейді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу