Алматтың әзілдері
Ауруханада жатқан науқастардың палатасына бір адам кіріп:
– Өткен айдың жиырма бесінде кім анализ тапсырып еді?
– Мен!
– Бойыңыздың өлшемі қандай?
– 1 метр 75 сантиметр.
Әлгі адам жазып алып, кетіп бара жатқанда науқас соңынан:
– Дәрігер, сонымен анализім не болды?
– Мен дәрігер емеспін. Мен табыт жасайтын ұстамын.
***
Математика мұғалімі оқушының қате толған дәптерін қарап отырып:
– Екеуміздің біреуіміз есімізден адасқан шығармыз, – деп ашуланады.
Келесі күні әлгі оқушы мұғалімнің үстеліне бір жапырақ қағаз қояды.
– Бұл не?
– Менің есімнің дұрыстығы туралы медициналық анықтама...
***
Жазушы қаламдас досына:
– Менің соңғы романымның негізінде кино түсіргелі жатыр, сен соны оқып па едің?
– Жоқ, киносын көре саламын...
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу