Зейнетқы жүйесіндегі жаңалықтарды халыққа сауатты түсіндірудің маңызы зор

Зейнетқы жүйесіндегі жаңалықтарды халыққа сауатты түсіндірудің маңызы зор

2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне біршама жаңалықтар енгені белгілі. Дегенмен халық арасында әлі де осы салаға қатысты сауалдар жиі қойлады. Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысып, зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтарға шолу жасап көрейік.  

Зейнетке қалай ерте шығуға болады? 

Қарттардың зейнетақысы өскенімен, әйелдердің зейнет жасы ұзарды. Енді зейнетке де ерте шығуға болады. Қалай және қандай жағдайда?
Бүгінде адамдардың бірі базардан, енді бірі құрылыс жағалап нәпақасын айырады. Кеңседе отырып, бір жалақыға күн көріп жүргендер де бар. Бұлардың барлығының басын ертеңгі зейнетақы мәселесі біріктіреді.

Енді "еңбегіне қарай өнбегі" деген принципке негізделген зейнетақы жүйесі ене бастады. Сондықтан ертең зейнетақы алғыңыз келсе, келісім шарты бар, еңбек өтілі ескерілетін, жарна аударылатын жұмыс іздеуге тырысыңыз.

Осы уақытқа дейін ерлер 63-ке толғанда, әйелдер 58 жасында зейнетке шығып жүрсе, енді аналарымыздың зейнет жасы жаңа жылдан бастап жыл сайын алты айға ұзарып отыратын болды. Сөйтіп 2027 жылы ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы теңеседі.

"Бұл қалай жүзеге асады? Қандай жағдайда зейнет демалысына ертерек шыға аламыз? Жинақталған жарна баламызға мұрагерлікпен қала ма? Жалпы қандай өзгерістер бар?" деген көкейдегі сұрақтарыңызға толығырақ жауап берсек. Әуелі зейнетақының үш деңгейін түсініп алайық.

Еңбек етпей елге өкпелеме...
Бүгінге дейін еңбек өтілі мен табысы болмаған күннің өзінде зейнет жасына жеткендерге 14 466 мың теңгеден беріліп келді. Міне, бұл біріншісі – базалық деңгейдегі зейнетақы.

Ал, ынтымақты зейнетақы дегеніміз не? 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн әйелдерде 20, ер адамдарда 25 жыл еңбек өтiлi болуы керек. Себебі, осы жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Осы қорға жалақының 10 пайызы міндетті түрде аударылып отыр. Бұл – зейнетақы жарнасы. Осы деңгей ынтымақты деп аталады. Кемінде алты ай еңбек өтілі бар болса, республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы бөлінеді.

Үшінші деңгейдегісі – ерікті зейнетақы. Аты айтып тұрғандай, мұнда зейнетақы әркімнің өз еркімен жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын аударып отырған төлеміне байланысты. Арнайы шот ашып, ақшаңызды құйып отыруыңызға әбден болады.

Қуат қайтып, егде тартқанда жоғары көлемде зейнетақы алғыңыз келсе, қазірден тынбай еңбектену керексіз

Қуатыңыз қайтып, егде тартқанда жоғары көлемде зейнетақы алғыңыз келсе, қазірден тынбай еңбектену керек / qamshy.kz сайтынан алынды
Қауқар кететін күнге қам жасауына "дем берді"
Осыған дейін барлық адамға базалық зейнетақы тағайындалып келген болатын. 40 жыл еңбек өтілі болса да мөлшері бәріне бірдей еді.

– 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептелетін болады. Жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасы ескеріледі. 1998 жылдың қаңтарына дейінгі де, кейінгі де еңбек өтілі есепке алынып, алты пайызға өседі, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басқарма басшысы Маржан Жолымбетова. – Жаңа жүйе әдісіне сай, егер еңбек өтілі 10 жылдан кем не мүлдем болмаған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады.

Сонда төменгі күнкөріс деңгейі қанша деген заңды сұрақ туындайды. Бүгінгі күнгі бұл мөлшер 24 459 теңге болса, 2018-ден бастап 28 284 теңге болады. Бұл жердегі 28 284 теңгенің 46% 15 273 теңге болып шығады. Еңбек өтіліңіз болмаса да, осы қаражатты алады екенсіз.

– Еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74%, ал 30 жылға 94 пайызы көлемінде тағайындалады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде беріледі, – деп Маржан Жолымбетова егжей-тегжейін айтып берді. – Яғни, адам неғұрлым көп жұмыс істеген сайын оның жинақтаушы және бюджеттік қаражат есебінен төленетін базалық зейнетақысы да көбірек болады.


Осы тұстағы 35 жылдық еңбек өтілін түсіндіре кетсек
Мысалы, 2013 жылы әйел адам зейнетке шықты делік. Оның жалпы еңбек өтілі 35 жыл болса, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесінде еңбек өтілінің 20 жылы ғана есептелетін еді. Қалған 15 жылға зейнетақы жинақтау қорына аударылған зейнетақы жарнасы қосылатын. Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 35 жылдық еңбек өтілі толықтай саналады.

Бұл тұстағы зейнетақы жарнасы еңбек өтілін айғақтап бере алады деген сөз. 1998 жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысы бар жарналарды аударған жылдары есепке алынады. Жинақталған жарнаға инфляция салдарын азайту үшін зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2% артығымен төленіп отырады. Мұның бәрін нақты мына сілтемеден толық таныса аласыздар.

Міндетті зейнетақы жарнасын жұмыс берушілер аудармаса ше?
Есепшотыңыз туралы анық-қанығын білу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз.

Жұмыс беруші тарапынан жарнаны аудармағаны туралы растайтын құжатыңыз болса, Мемлекеттік кірістер департаментіне арыз жаза аласыз.

2027 жылдан бастап әйелдер зейнетке 63 жасында шығады
Әйелдердің зейнеткерлік жасын өсіру мәселесі бір қайнауы ішінде болған соң, кейінге шегеріліп еді. 2013 жылдың 9 маусымында Президент "Зейнетақымен қамтамасыз ету" туралы заң жобасын кейін қайтарған болатын. Енді 2018-2027 жыл аралығында кезең-кезеңімен артатын болды. Зейнет жасы алты ай сайын қосылып отырады.

"Елімізде халықтың өмір сүру жасының жоғарылауына орай зейнеткерлік жасын да арттырып отыру уақыт талабы болып отыр", дейді басшылар

Келесі жылдан бастап әйелдердің зейнет жасының өсу кестесі / otyrar.kz сайтынан алынды
Жоғары оқу орнында оқыған уақыт еңбек өтілі де есепке алынады
2014 жылғы қаңтардан бері жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты зейнетақы жарнасы аударылып тұрғанынан хабардарсыздар.

Жалпы міндетті жарнаның мөлшері 10 пайыз. Оның 6 пайызын мемлекеттік сақтандыру қоры аударса, ал 4 пайызы республикалық бюджеттен субсидияланады.

2018 жылы да дәл осылай жалғасын таба бермек. Декреттік демалыста болған 3 жыл еңбек өтіліне есептеледі. Жоғары оқу орнын оқып жүрген сәттер мен әскерде болған кезеңдер де міндетті түрде еңбек өтілі ретінде саналатын болды.

Әйелдер зейнеткерлікке ерте де шыға алады
Бірінші, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар әлеуметтік қорғалады. 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған 45 жастағы әйелдер;

Екінші, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер;

Үшінші, зейнетақы аннуитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтарының жеткілікті 50 жастағы адамдар.

Осы тұста аннуитет дегеніміз не, соған түсінік бере кетелік? Ол – өмірді сақтандыру жөніндегі компанияға салынған тұрақты салымдар. Маржан Жолымбетованың айтуынша, шарт жасасу арқылы ерлер 55 жасқа және әйелдер 50/55 жасқа толғанда зейнетке шыға алады. Бірақ, ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болуы керек.

Ол үшін не істеу керек?
Ерлер мен әйелдердің зейнет жасынан сегіз жыл ертерек шығу жолын мемлекеттік аннуитет компаниясының директоры Әлімжан Ақажанов түсіндірді.

– Әйелдер зейнетақы қорындағы есеп шотына 12 млн теңге жинаса, 50 жасында зейнетке шыға алады. Ал, ерлер 9 млн теңге мөлшерінде жинаса, 55 жасында зейнеткер атанады. Егер әйелдер 55 жасында зейнет демалысына шыққысы келген күннің өзінде бастапқы қаржы көп мөлшерде азайтылмаса да, шегеріледі. Елімізде ерлерге қарағанда әйелдер ұзағырақ өмір сүретіндіктен осындай шарт қойылды, – дейді директор.

Мұны естіген жұрт "осындай ақша жинайтын болсам, үй алмаймын ба?" деген сыңайда ойлайтыны анық. Десе де қомақты қаражат табатындарға арналған ұтымды ұсыныс болып тұр.

– Мысалы, ер адам 10 жыл бойы жинаққа қаржысын аударып жүріп, кенеттен қайтыс болды деп алайық. Жинақталған қомақты қаражат мұрагерлеріне беріледі. Келісім-шартта көрсетілген мөлшерге назар аударылады, – дейді Әлімжан Ақажанов.

Өзге елге қоныс аударғанда жинақты бірден шешіп алып кете алмайды
– Қазақстаннан басқа елге көшкісі келетіндерге мемлекеттік аннуитет компаниясында қаржысын сақтандыруға кеңес бермейміз.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жинағын өзімен бірге бірден алып кете алады. Ал сақтандыру компаниясындағы салымдарды тек өзге елге орналасқаннан кейін ғана келісім-шартта көрсетілген мөлшерде жібереміз, – дейді Әлімжан Ақажанов.

БЖЗҚ зейнетақы шотын мына жағдайларда пайдалана аласыздар:
– Зейнет жасына толған уақытта;

– Мерзімсіз I-II топты мүгедек болып қалса;

– Қазақстаннан тыс жерлерге көші-қон аударған жағдайда;

– Зейнетақы аннуитетін иеленген жинақтары жеткілікті болған кезде;

– Мұрагерлікпен қалса;

– Егер жазатайым дүниеден өтсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтар мұрагерлік жолмен беріледі, – дейді Маржан Жолымбетова. – Әрбірінің 5 жылдық еңбек өтілі болғанда ғана зейнетақы шоты ашылады. Италияда 20 жыл, Латвияда 10 жылдық өтілге байланысты зейнетақы төлемдерін ала алады. Салыстырып қарағанда біздің елде ұтымдырақ.

Біздің елде де әйелдер саты-сатымен 63 жаста зейнетке шығатын болады

Біздің елде де әйелдер саты-сатымен 63 жаста зейнетке шығатын болады 
Қайта есептеу кезінде қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ
ЕСКЕРЕР ТҰС: 2017 жылдың 10 қараша күні 58 жасқа толған әйел 31 желтоқсанға дейін құжаттарын әзірлеп үлгеруі керек. 2018 жылдың басында ғана Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына баратын болса, жарты жылдан кейін ғана зейнетке шыға алады.

Сонымен ең төменгі зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңге көлемінде болады. Ал зейнетақының орташа мөлшері – 71 333 теңге. Қайта есептеуді жүргізу үшін зейнеткерлерден қосымша құжат талап етілмейді. Зейнетақы ісіндегі құжаттар және Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай есептеу орталығының ақпараттары жеткілікті екенін айта кеткен жөн.

Салтанат Сүгір 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста