Зейнетақы 1 шілдеден бастап еңбек өтіліне байланысты төленеді

Зейнетақы 1 шілдеден бастап еңбек өтіліне байланысты төленеді

 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы жылғы шілде айынан бастап зейнетақы жүйесінде өзгерістер енгізілмек. Осы өзгерістерге қатысты әлі де көпшіліктің көкейінде «зейнетке қалай шығамыз?», «зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай саналады?» деген секілді сұрақтар бар. Мұндай сұрақтарға мамандар не дейді? «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтар айынан бастап зейнетақы жүйесінде өзгерістер енгізілді. Яғни, әйел азаматтарымызға қатысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың жасын кезең-кезеңмен көтеру қарастырылған. Ол ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 11-ші бабымен реттелген. Зейнеткерлік жастың кезең-кезеңмен көтерілуін мына кестеден көруге болады: • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толғанда. Яғни, бұл шара 2027 жылға дейін созылып, 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріліп отырады. Базалық зейнетақы есептеу тәртібі қандай?
Енді зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Онда зейнеткердің 1998 жылға дейін қалыптасқан еңбек өтілі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі зейнетақы жүйесіне аударған жарналары есепке алынады. Тағы бір айта кетерлігі, барлық зейнетақы жүйедегі құжаттар негізінде автоматты түрде қайта есептеледі. Сондықтан зейнеткерлерге мемлекеттік органдарға барып, өтініш жазып, қайта құжат әкелудің қажеті жоқ.
Кестеде базалық зейнетақының пайызға шаққандағы сомма есебі көрсетілген:

Бокижанова Фарида Маратқызы, Алматы қаласы бойынша «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің директоры:
– Мұнда адамның базалық зейнетақысы оның еңбек өтілімен тығыз байланысты екені көрсетілген. Ол шілде айынан кейін оның көлемі 15 274 теңгеден 28 284 теңге аралығында болып өзгереді. Бірақ жоғарғы мөлшерде болу үшін сізде кемінде 33 жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Одан кем болғанда ол көрсеткіш әрбір жыл сайынға шаққанда 2 пайыз кеміп отырады. Мысалы, 10 жыл еңбек өтіліне 54% болса, одан кейінгі әр жылға 2%-дан қосылады. Егер еңбек өтіліңіз 20 жыл болса, онда 10 жыл үшін сізге тағайындалған 54%-ға тағы 20 % қосылады. Сөйтіп, сіз 74%-ға ие боласыз. Сонда мына кестедегідей, сіздің базалық зейнетақыңыз 20 931 теңгені құрайды. Шілде айынан бастап ерлер 63 жастан зейнетке шыға береді, ал әйелдерге 58 жас 6 ай болуы керек. Тағы бір нақты мысал келтірейін: биылғы жылы (2018 жыл) ер азаматтардың 1955 жылғы тумалары зейнетке шығып жатыр. Оны 1972 жылы 17 жасында мектеп бітіріп, жұмысқа кірді деп санасақ, оның еңбек өтіліне әскер қатарында, оқуда болған уақытын қосқанда — 01.01.1998 жылға дейін 25 жылды құрайды. Сондықтан оның базалық зейнетақысы 23 759 теңге болады. Ал 1998 жылдан кейінгі саналатын зейнетақы мөлшері оның Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты анықталады. Ол Жинақтаушы Қорлардан алынған құжаттар арқылы бекітіледі. Егер ЖЗШ жоқ болса, зейнеткер 01.01. 1998 жылғы еңбек өтілі мөлшерінде қала береді. Бірақ зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен яғни 15 274 теңгеден аз болмайды.
Әйелдердің еңбек өтіліне балаға бөлген уақыты кіре ме?
Елімізде 5 бала тапқан не болмаса бала асырап алып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің зейнеткерлік жасы 53 жас деп белгіленген. Мемлекет бала тәрбиесіндегі әйелдерге әр бала үшін 3 жыл еңбек өтілі санаққа алады. Бірақ оның жалпы мөлшері 12 жылдан аспайды.
Айша Нұржанқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста