Заңсыз еңбек мигранттары Қазақстанның еңбек нарығына теріс ықпал етеді

Заңсыз еңбек мигранттары Қазақстанның еңбек нарығына теріс ықпал етеді

 Көктем, жаз мезгілдерінде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай елімізге жан-жақтан еңбек мигранттары ағылады. Жыл сайын Қазақстанға жақын және алыс шет елдерден келетін еңбекші мигранттар саны көбеймесе, азаяр емес. Демек, елімізде арзан жұмыс күшіне сұраныс бар. Мұндайда шетелден келген еңбек мигранттарының Қазақстанның еңбек нарығына теріс ықпалы бар екені айтпаса да түсінікті. Дәл осы мәселені депутат Кәрібай Мұсырман Парламент Мәжілісінде көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылымында көтерген еді. Осы орайда біз Көші-қон қызметі комитеті мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерін келтіре отырып, еліміздегі заңсыз еңбек мигранттарының санын азайту мақсатында атқарылып жатқан істерді саралап көрдік. 
Депутат Кәрібай Мұсырман келтірген деректер бойынша, 2018 жылы ішкі істер органдарында жұмысқа орналасу үшін 461,5 мың адам тіркелген. Сондай-ақ елімізге жеке сапармен келген 1 миллион 277 мыңдай адам және турист ретінде тіркелген 96,5 мыңдай адамның біразы елімізде заңсыз жұмыс істеген еңбекші мигранттар екені анықталған.
Статистика комитетінің мәліметінше, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі кейінгі үш жылда еш өзгермей, 4,9 пайызды құрап, өткен жылы жұмыссыздар саны 443 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіштің азаймауына шет мемлекеттерден келген арзан жұмыс күшінің тікелей қатысы бар.
Біздің елімізде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында артық жұмыс күші жеткілікті. Сондықтан да Үкімет артық жұмыс күші бар осы облыстардың тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына ерікті түрде қоныс аударуды қолға алғандығын білеміз. Осы істі барынша ұтымды жүзеге асыру үшін арнайы бағдарламалар да қабылданған. Сондай-ақ шет елдерден өз Отанына оралуды армандайтын бірнеше миллион қандастарымыз түбегейді көшіп келуілеріне еліміздегі жұмыссыздық, күн көру мәселесі кедергі болмау үшін де ішкі және сыртқы көші-қон процестері заңдық тұрғыдан реттеуді қажет етеді. Осы орайда Парламент Мәжілісінде көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылымында бршама мәселелер қарастырылды. Соның бірі шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын енгізу. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов бұл туралы былай деді: «Көші-қон процестерінің құқықтық базасын кеңейту және заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында тиісті ұсыныстар қамтылды. Біріншіден, шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж салығын енгізу ескерілген. Екіншіден, ұлттық заңнамада реадмиссияға арналған құқықтық негіздердің жоқтығынан, ұлттық заңнамаға реадмиссия туралы халықаралық ережелерді енгізу ұсынылады». Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар адамдардың кетуіне шектеулер көзделген толықтырулар енгізу қарастырылған.
Елімізге шетел азаматтарының көптеп келуінің екінші жағы да бар. Бұл – еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық. Соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары шетелдік еңбек мигранттарына Қазақстанда еңбек етуге 1,5 миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Көші-қон қызметі орталықтарының қызметі бүгінде «бір терезе» қағидасымен ұсынылады.
«Көші-қон қызметі орталығында шетелдік төлқұжат пен көші-қон карточкасын ұсыну арқылы медициналық тексеруден, дактиласкопиядан өтеді, сақтандыруды рәсімдеп, мемлекеттік баж салығын төлейді, содан соң оған жұмыс жасауға рұқсатнама рәсімделеді. «Азаматтарға арналған үкімет» біріге отырып, еліміздің 14 өңірінде Көші-қон орталықтары ашылды», - дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Марат Қабденов.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы тұрғындарға 19,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 16,5 миллионы - көші-қон мәселесі бойынша. Ал биылғы жылғы үш айының қорытындысы бойынша азаматтарға көші-қон мәселесіне байланысты 2 млн 777 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Еліміздің азаматтары көп жағдайда өзге елден келген шетелдік еңбек мигрантын жұмысқа алғысы келіп тұрады. Мұның да өз себептері бар. Шетелдік азаматты жеке тұлғалардың жұмысқа алуына заң бойынша құқығы бар. Алайда жеке тұлғалардың еңбек мигрантын жұмысқа тартудың өзіндік тәртібі бар.
Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Арман Садановтың айтуынша, жеке тұлға бес шетелдік еңбек мигрантын заң аясында жұмысқа кіргізе алады. Бірақ олардың еңбегін пайдалану арқылы табыс табуына тыйым салынған. «Мысалы, сіз үй салғыңыз келді дейік. Ол үшін сіз шетелдік еңбек мигранттарын жалдай аласыз. Еңбек мигрантын тіркеу, оған ЖСН алу, медициналық тексерулерден өткізу сияқты жалпыға ортақ ережеден бөлек тағы бір шарт бар. Сіз оны тек тұрмыстық жұмысқа ғана тарта аласыз. Ал оның еңбегінен табыс табуға хақыңыз жоқ. Мысалы, оған палау дайындатып, сата алмайсыз», - дейді комитет өкілі.
Арман Саданов еңбек мигранттарын тіркеу мәселесінде «086» формалы медициналық анықтама алу тәртіптерін оңтайландыру керектігін айтады. «Аталмыш анықтаманы алу үшін ағза талдауларымен қоса лор, көз дәрігері сияқты мамандардың алдынан өтуі керек. Біздің ойымызша, бұл шетелдіктің уақытын босқа алатын процестер. Ең бастысы, қауіпті және жұқпалы аурулардың болмауын қадағалау. Осы тұрғыда денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Еңбек мигранттары үшін «086» формалы медициналық анықтаманы алу шарттары жеңілдеуі мүмкін», - дейді ол.
Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Арман Садановтың айтуынша, жыл өткен сайын көші-қон қызметіне деген сұраныс артып келеді. «Ішкі істер министрілігі көрсететін 40 негізгі мемлекеттік қызметтің 18-і көші-қонмен байланысты. Биыл 5 ай ішінде 4,8 млн қызмет көрсетілген. Негізінен мекенжай анықтамасы, азаматтар мен көліктерді тіркеу, тіркеу туралы анықтама беру қызметтеріне сұраныс көп», - дейді ол.
«Көші-қон қызметі комитеті 2018 жылы 16,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетті. Былтырдан бері 16 өңірде «Азаматтарға арналған үкімет» жанынан көші-қон қызметінің орталықтары ашылған болатын. Осының арқасында шетелдіктерге қызмет көрсету деңгейі бойынша 129-орыннан 77-орынға шықтық. Қазақстанға келетін еңбек мигранттарының басым бөлігі Таяу Шығыс пен ТМД елдерінен келеді. 2018 жылы 430,4 мың шетелдік азамат еңбек мигранты ретінде тіркелді. Олардың көшін Әзербайжан, Грузия, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия сияқты елдер бастап тұр», - дейді Арман Саданов.
ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, осы жылы елімізге шамамен 600 мың еңбек мигранты келмек. Еңбек мигранттарын заңдастыру процесі 2014 жылдан бері жүзеге асып келеді. Содан бері еңбек мигранттарының саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы Қазақстанға 551 мың еңбек мигранты келген. Мемлекеттік бюджетке 6 млрд теңгеден астам салық түсті. Еңбек мигранттары негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінен келеді. Ал ЕАЭО-ға мүше елдердің өкілдері еңбек патентінен босатылған. Олар жұмыс берушілермен еңбек келісімшарты бойынша тікелей жұмыс жасай береді және барлық мемлекеттік салықтардан босатылған. «Қысқы уақытта Көші-қон қызметтері орталығы күніне 30-50, көктем-жаз айларында 100-200 иммигрантқа қызмет көрсетеді. Бұл ретте еңбек иммигранттары жауапкершілікке тартылмайды. Еңбек иммигранттары жеке тұлғаларда жұмыс істейді. Олардың заңды тұлғада жұмыс істеуге құқы жоқ. Заңды тұлғаларда, яғни кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбек мигранттары әкімдіктерде рәсімделеді. Министрлік (ҚР Ішкі істер министрлігі - авт.) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтін заң жобасы аясында алыс шетелдерден келетін мигранттарды заңдастыру жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр», - деді Мұрат Қабденов.

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста