Халықтың әл-ауқатын арттыру – әлеуметтік тыныштықтың кепілі

Халықтың әл-ауқатын арттыру – әлеуметтік тыныштықтың кепілі

 Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тыңнан қарастырылған идеоло­гия­лық бағдарламаға айналып отыр. Бұл бағдарламада жаңа заман ағымына сәйкес негіз қаланған.

Саяси және экономикалық жаңғыру процестерін жүзеге асыруда Президент, ең алдымен, біздің санамыздың іс-қимылы­мыздан алда болуы керектігін, ол үшін рухани жаңғырудың қажет екенін және мұны аталған алдыңғы екі реформаның өзегіне айналдыру керектігін міндеттеп, ол міндетті қалай іске асырудың нақты алғы­шарттарын айқындап беріп отыр. Еліміз­дің революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы, ұлттық сана, ұлттық мәдени генетикалық код, туған жер қасиеті, латын әліпбиіне көшу мәселелеріне қатысты Елбасының инновациялық ой-толғамдары мен ұсыныс-пікірлері ел азаматтарының көкейіне ұялап, ерекше үндестік табуда және ол құндылықтардың бүгінгі қоғамда белсенді қолдау тауып жатқаны тосын жай емес.

Жаңа кезенде қарқынды еңбек өніміне қол жеткізудің шешуші кілті – иннова­циялық технология. Дамыған елдер эконо­микалық дағдарыстың өзінде 35% инвес­тициясын жаңа технологияға жұмылды­рып, болашақтағы даму қарқынын арттырып, бәсекелестікте жеңіске жету жолдарын қамтамасыз ету жолында. Олар осының негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатын көздеуде. Бұл негізгі әлеуметтік тыныштықтың кепілі ретінде қабылдануда. Бүгінде кәсіпкерлікке кең жол ашылған. Халық та осы бағытқа бет бұрып отыр. Бұл өте жақсы ұғым. Мұнда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған көптеген сындарлы ойларды зерделеп, іштей ой елегінен өткі­зіп, басшылыққа алатын тың ойлар бар.

Рухани жаңғыру бойынша Мемлекет басшысы атап көрсеткен бағыт-бағдар­лардың арасында сананың ашықтығы туралы тезис ерекше мәнге ие. Оған сәйкес, қазақстандықтар жаңалықтарға зерек болып, жаһандық үдерістерге ілесу арқылы басқа елдердің озық жетістіктерін бойға сіңіруге дайын болулары қажет. Себебі, өзгенің тәжірибесін зерттеу – табыстың кілті.

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов­тың руханият туралы қанатты сөзінде: «Рухани мәдениеттің бір белгісі – жұрт бала­сына жалпы оқу, газет, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу» деген айтылады. Қазір елімізде білімге кең жол ашылған. Қазақ баласы қайда барып білім аламын десе де, еркін­дік бар.

Елбасы Жолдауындағы «Өзінің тари­хын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақ­стандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – деген сөзі бүгінгі таңда аса маңызды болмақ.

Мемлекетіміз қазір нарықтық бәсекеге төтеп бере алатын қабілетті, білімді, білікті маман даярлауды абыроймен орындап келеді. Биылғы Елбасы Жолдауындағы жетінші міндетте аталған «Адами капитал – жаңғыру негізі» талаптарына сай, білім берудің жаңа сапасына іспен жауап берудің жаңаша жолдары қарастырылып жатыр.

«Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамы­рынан нәр алуы керек» деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық деп бағалау жатыр. Ендеше, бұл ойды барлығымыз да қолдауға тиіспіз.

ІІрезиденттің рухани жаңару идеяларын қолдауымыздың тағы бір себебі – мақа­ладағы технократтық, біржақты ойлаудың ұшқарылығының көрсетілуі. Технократизм экономиканы ұйымдастыруда, қаржы көздерін табуда керек екені аян. Бірақ та технократизм – рухани өміріміздің аяғын мықтап тұсаулайтын да құрал. Оны ұмыт­па­ғанымыз абзал. Демек, экономи­калық басымдықтарды бастапқы орынға қоюмен бірге мәдениетті, салт-дәстүрді де бір қатарда алып жүруіміз керек.

Халықтың тарихи жады мен рухани құндылықтары Қазақстанның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін субъективті фактор. Адамды тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрлері арқылы ғана тәрбиелеуге болады. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген азаматтар ғана нағыз отаншыл патриот болмақ.

Президент: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деп ұлттық санамызды қайта жаңғыртып, қазақтың тағдырын алдыңғы орынға шығарып, кезек күттірмейтін ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үндейді.

Осы бағдарламаның үшінші бөлігі «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп аталған. Онда: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғы­лары­мыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», делінген.

Осыған орай, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» идеясы, «Туған жер» бағдар­ламасы ел мен жердің ертеңін ойлаған арналы толғаныстардың жемісі. Жақсы­лық­тар мен игіліктер жария болуға тиіс. Жақсы адамдар, жомарт жүректі жандар жанымызда жүр. Бүгінгі күннің кейіпкер­лерін насихаттау, бүгінгі күннің бүтін сөзін айту – міндеттің үлкені болып тұр.

Елбасымыз өз мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажа­йып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбек­теп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Мәселен, «Ауылым-әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл мағынасы өте терең сөздер» деп қалай қисынын дәл тауып айтқан дерсің.

Елбасының «Мен халқымның тағы­лымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамының басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», деген рия­сыз ықыласын жастарға түсіндіріп, өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды терең сіңіруге әрқайсымыз атсалысуымыз керек.

 

Есен ҚАЙЫРЖАН,

Халықаралық ақпараттар академиясының академигі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста