Шығыстағы халықтың үдере көшуін азайту үшін нақты шаралар қолға алынды

Шығыстағы халықтың үдере көшуін азайту үшін нақты шаралар қолға алынды

 Еліміздің шығыс аймақтарында халық саны азайып барады. Мұндай өзекті мәселе сарапшыларды да, Үкіметті де алаңдатып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, 2018 жылдың басынан бері облыс халқының саны 2017 жылға қарағанда 5 мың адамға азайып кеткен. Аймақтан халықтың үдере көшуіне жалақының аздығы мен этникалық орыстардың Ресейге көшуі себеп болып отыр. ustinka.kz сайты келтірген мәлеметтер бойынша жалпы қазіргі уақытта облыс халқының саны 1 млн 378 мың 504 адамды құрады. Олардың 62 пайызы қала және 38 пайызы ауыл тұрғындары.
ШҚО Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы басшысы Асхат Өмірзақовтың айтуынша, 2018 жылы облыс халқының саны 5053 адамға азайған. Халық санының азаюы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Басқа облыстың 5 өңірінде халық санының көбейгені тіркеліп отыр, - дейді ШҚО Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы басшысы Асхат Өмірзақов.
Аймақтардың этнодемографиялық паспортында аймақтардағы халықтың саны, соның ішінде, әр ұлттың үлесі, сол ұлт өкілдерінің көшу, туу, өлім-жітім көрсеткіштері, халықтың құрамы, еңбекке жарамды адамдардың саны, әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақы алатын адамдардың демографиялық салмағы сияқты нақты факторлар көрсетілген. Тұрғындардың басым бөлігі Ресейдің Омбы, Қорған облыстары мен Астана мен Алматы қалаларына қоныс аударатын көрінеді.
– Облыста өткен жылы 14 224 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың 53,2%-ы - ерлер, 46,8%-ы - әйелдер. Аймақта өлім-жітім коэффиценті де республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Туу көрсеткіші төмен және өлім-жітім көрсеткіші жоғары өңірлерден Алтай, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Курчатов қалаларында, ал табиғи кему Глубокое, Алтай, Шемонаиха, Риддер, Курчатов қаласында байқалады, - дейді Асхат Өмірзақов.
Өңірдегі нәресте өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға азайғанымен, бұл көрсеткіш халық санының өсуіне әсер ете алмапты. Облыс немесе аудан орталықтарынан шалғайда жатқан ауылдардың құрып бара жатқаны республика деңгейіндегі өзекті мәселеге айналды. Қазіргі деректер бойынша Шығыс Қазақстанда ауыл халқының саны да азайып бара жатыр. Ауыл тұрғындарының үлесі - шамамен 38 пайызды құрап отыр.
Аймақтағы халықтың кемуін тоқтату үшін шығысқазақстандықтар осы жылы шымкенттіктерге 340 бос жұмыс орнын ұсынып, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырып отыр. Шымкент шаһарына Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының делагациясы іссапармен келді. Олар шымкенттіктерге өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмысқа орналасып, қоныс аударудың мүмкіндіктерін таныстырғанын айта кетейік.
Алтай ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Әсел Рысбекқызының айтуынша, бүгінде аталған ауданда дәрігер, мұғалім және мемлекеттік қызметкерлерге сұраныс көп. Олардың айлық жалақысы 70 мың теңгеден бастап жұмысшы мамандықтарға 500 мың теңгеге дейін табыс табуына мүміндік қарастырылған.
– Мемлекеттік қолдау аясында 340 бос жұмыс орны мен 30 отбасы немесе 106 адамға ерікті түрде қоныс аударуға орын қарастырылған. Өткен жылы 20 отбасы көшіп келген еді. Қазір олар 3 жылдық келісімшарт негізінде өз кәсібін ашып, ұсынылған тұрғын үйлерде тұрып жатыр. Көші-қон бойынша келгендерге әр отбасы мүшесіне 88 мың теңге және 12 айға пәтерақысы төленеді. Бұдан басқа, «Серпін» білім гранты негізінде көшіп келген азаматтардың балалары тегін оқу мүкіндігіне ие болады. Ал кәсіпкерлікті қолға аламын деушілерге «Бизнес бастау» жобасы аясында қайтарымсыз және жеңілдетілген несиелер қарастырылған, – дейді Ә.Умалжанова.

Алпш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста