ШҚО аудандары өзге өңірден көшіп келушілерді де, қандастарымызды да назардан тыс қалдырмайды

ШҚО аудандары өзге өңірден көшіп келушілерді де, қандастарымызды да назардан тыс қалдырмайды

Елімізде демографиялық өсу жағынан алда тұрған оңтүстік өңір екені белгілі. Мұнда әр отбасында кемінде 4-5 баладан, Қазақстанда туылатын әрбір бесінші бала осы Оңтүстікте дүниеге келеді. Осыған қарап-ақ өңірдің экономикалық әлеуетін байқауға болады. Керісінше, еліміздің солтүстігінде және шығысында бала туу көрсеткіші төмен, сондай-ақ солтүстікте тұрғындар саны күн санап азайып барады. Сәйкесінше, өңірде білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан да жұмыс күші артық оңтүстік тұрғындарына солтүстік өңір жұмыс, тұрақты табыс, баспана ұсынып жатса, көшудің қамын неге ойламасқа?
Қоныстандыру жай ғана халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіп-қондыру емес, бұл бір жағынан еліміздің солтүстік, шығыс облыстарын қазақыландыру. Ондағы тұрғындардың аздығынан жабылудың аз алдында тұрған балабақшалар мен мектептерді, ауылдар мен елді-мекендерді жандандыру, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеу. Осы орайда жұмыс күші тапшы облыстар көшіп келем деушілерге мемлекеттік көші-қон бағдарламасы бойынша көші-қон шығынын өтеп береді, пәтерақысы мен коммуналдық шығындарын көтереді. Бүгінде ШҚО Жұмыспен қамту орталықтары мамандары әр аудан, ауыл, қала ұсына алатын вакантты орындардың тізімін де жасап қойған. Мамандардың айтуынша, осы жылы Өскеменге көшіп келуге ниетті азаматтардың қатары артқан.
ШҚО Үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл облыс орталығы Өскемен қаласы 45 отбасын қабылдауға әзір, бұл дегеніміз барлығы 135 адам. Олардың ішінде Алматы, Түркістан, Қызылорда обылстарынан 11 отбасы (15 адам) облыс орталығына қоныстанып та үлгерген. Көші-қон бөлімі мамандарының айтуынша, олардың баспана мәселесі 5 жылға жалға қызметтік пәтер берумен шешілмек. Кейін бұл пәтерлерді қалған бағасына сатып алуларына болады. Былтыр облыс орталығына көшіп келуге квота 8 отбасына берілген, ал көшіп келгендер саны – 17. Сондықтан осы жылы квота көлемі ұлғайтылды.
Ад Зайсан қаласында көшіп келушілерге үш коммуналды үй, 8 орындық жатақхана, шарушылық жүргізуге, бау-бақша салуға, үй тұрғызуға арналған жерлер берілмек. Мұнда 11 отбасы (40) адам  көшіп келеді деп күтілуде.
Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен шакаралас Бородулиха ауданының көшіп келушілерді қабылдауға арналған өңірлік квотасына 24 отбасы қосылған. Бағдарлама қатысушыларының арасында «Серпін» жобасы бойынша ауыл шарушалығы колледжін  тәмамдаған 2 түлек бар.
Көші-қон шығынын өтеуге 6 млн теңгеден астам субсидия қарастырылған.Ал баспана жалдау мен коммуналдық төлемдерге 3 млн теңге бөлінді. «Бүгінде өңірлік квотаға 6 отбасы (12 адам) кіргізілді. Бес отбасы (10 адам) – Алматы облысынан, бір отбасы (2 адам) Жамбыл облысынан» – дейді жергілікті әкімдіктегілер. Шенеуніктер берген мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда бұл аймаққа 150-дей маман жетіспейді. Көбінесе мұғалімдер, дәрігерлер, ауылшаруашылық мамандары мен өнеркәсіп жұмысшылары тапшы.
Қатон-Қарағай ауданына 2019 жылы 34 отбасын (122 адам) қоныстандыру жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 12 адамнан тұратын 5 отбасы қоныс теуіп үлгерген. Ауданның инфрақұрылмы дамып келеді. Алдағы уақытта тұрғындар жеке құрылыс нысандарын салу үшін жер телімін алатын болады. Сондай-ақ Үлкен нарын ауылында жалпы құны 424 млн теңгелік екі пәтерлі 27 үйдің құрылысы басталмақ. Жергілікті жұмыспен қамту орталығынының дерегінше, биылғы жылға жалпы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға квота 456 (1566 адам) отбасына бекітілген. Дәл қазіргі уақытта жұмыс күші артық облыстардан 163 отбасы Шығыс Қазақстан облысына қоныстанды. Еңбекке қабілетті 242 адамның 160-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, 16-сы уақытша жұмысқа тұрды, 8-і өздерінің кәсібін ашты.
Кейінгі жылдары Қазақстанның кейбір өңірлерінде халық саны шапшаң өссе, енді бір өңірлерінде керісінше жергілікті тұрғындардың елден кетуі көбірек белең алғаны алаңдатады. Өңіраралық миграцияға теріс сальдо қалыптастырып отырған жағдайға бас қатырмасқа болмайды. Елімізде көші-қонның ырықсыз кетуі, заңсыз көші-қонның көбеюі кейбір өңірлердегі халықтың өсуін тежейді. Сондықтан Үкімет Қазақстандағы көші-қон саясатын жаңаша жүргізуді мақсат етеді. Ел азаматтарын ерікті түрде еңбек ресурсы тапшылығы сезіліп отырған аудандарға қарай экономикалық тұрғыдан оңтайлы етіп орналастыру – басты мақсат. Ішкі көші-қоннан бөлек шет мемлекеттерден келетін этникалық көшіп келушілерді, яғни қандастарымызды әлеуметтік қолдау ас маңызды. Айта кету керек, 2019 жылдың наурыз айынан бері ШҚО-да 503 оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. ШҚО Үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «оралман» мәртебесінің мерзімін ұзартып, азаматтық алуға өтінім беру әлі де жалғасуда.

 Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста