Солтүстік Қазақстандағы бос қалған ауылдарды жандандыруға күш салынбақ

Солтүстік Қазақстандағы бос қалған ауылдарды жандандыруға күш салынбақ

 Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың қаңырап бос қалып жатқаны жергілікті басшылыларды да, жалпы мемлекетті алаңдатып отырғаны мәлім. Ауылдық жерлерде кәсіби маман өте тапшы. Бұл өңір әлеуметтік жағынан тұрақты болмағандықтан да адамдар тұрғылықты жерінен көшіп жатыр. Алдағы уақытта осы көшті тоқтатып, ауылдарды жандандыру үшін жергілікті билік бірқатар шаруа қожалықтарын да жұмылдырмақ.

ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан шетелге 2,7 мың адам көшіп кеткен. Бұл еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар. Ал осы аймаққа көшіп келгендердің қатары –1,5 мың. Бірнеше жылдан бері көші-қон сальдосы теріс көрсеткіш көрсетіп тұр. Дегенмен, жергілікті билік өкілдерінің пайымдауынша, аймақтағы жағдай біршама жақсарып келеді. СҚО әкімінің тұрғындарға есеп беру жиынында 2017 жылмен салыстырғанда, облыстан көшкендердің саны 15 пайызға азайғанын айтты. Халық көбінесе ауылдан көшіп жатқан көрінеді. Шағын ауыл ғана емес, бірнеше мыңдаған тұрғыны бар аудан орталықтарынан тұрғындар кетіп жатыр. Мысалы, СҚО, Тимирязев ауданынан көшіп жатқандар жетерлік. Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, көштің басты себебі – әлеуметтік түйткілдердің шешілмеуі.

Ауданюдағы жолдарыы ойқы-шойқы, орталықтандырылған су жүйесі жоқ, тіпті аудандағы аурухана жабылудың алдында тұрған жерде кім тұрақтағысы келеді? Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл мәселелер біртіндеп шешіліп келеді. Қазіргі кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы қолға алынған, осы бағдарлама аясында 100-ге жуық ауылға ауыз су келіп, 600 шақырым жол жөнделіп, ауылдық мектептерді жөндеуге 5 млрд теңге бөлінбек.

Дегенмен, жергілікті биліктің пікірінше, ауылдың жағдайын жақсартуға мемлекет қана емес, бизнес те, жеке кәсәпкеолерде мүдделі болса, нұр үстіне нұр болар еді. Алайда өздері еңбек етіп жүрген жерді көркейтуге құлшыныс танытатын кәсіпкерлердің қатары сирек. Ондай мысалдар саусақпен санарлық. Айталық, Новоникольское ауылында Зенченко отбасы көп жылдан бері егін және мал шаруашылығымен айналысып келеді. Ауыл жолына асфальт төселген, өзінің спорт сарайы, мәдениет үйі мен өзге де әлеуметтік нысандары бар. Жұмысшыларға үй де беріледі. Ауылдың әлеуметтік дамуына «Зенченко и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 10 миллиондаған теңге құяды.

Аймақтағы тағы бір ірі шаруа қожалығы – «Мәмбетов и К» ЖШС Мыңкесер ауылында орналасқан. Шаруашылықтың бас директоры Еркебұлан Мәмбетов облыс басшылығының пікірімен келіседі. Алайда жағдайды тізе қоса отырып жақсартуға болады деп тұжырымдайды. Бизнесті ынталандыру тәсілінің бірі ретінде ол егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға салынатын жер салығын бірдей етуді ұсынады. Өйткені жерді пайдаланғаны үшін салынатын салық көлемі әрқалай. Оның үстіне фермерлер жыл бойы жұмыс істейді. Ал маусымдық кәсіппен айналысатын кәсіпкерлер қазынаға салықты аз төлейді. Бұл ретте ауылдың жағдайын жақсартуға олар аса мүдделі емес. Шаруашылықпен жыл бойы айналысуға да ынтасы жоқ.

«Жер пайдаланушылардың бір бөлігі мал ұстамайды, ауылдың дамуына қаржы салмайды, жаңа жұмыс орнын ашуға құлықсыз. Біздің шығынымыз көп, жұмысшыларымыз да жыл бойы еңбек етеді. Ал бұндай кәсіпкерлер егіс науқанында жұмысшыларды жалдап, гектарына 1-2 мың теңге төлейді де, егін орағы біткен соң, тайып тұрады. Ал бізге адамдар күнде керек»– дейді шаруа қожалығының басшысы.

Кәсіпкер бұндай тұжырымды өз тәжібесіне сүйене айтып отыр. Оның ойынша, мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға салынатын салық өте жоғары.

«Әкім болған кезімде, біз бір гектар жерге салынатын салыққа талдау жасадық. Оның нәтижесінде егін егумен бірге, мал ұстайтын шаруаларға салынатын салық жоғары екені анықталды. Ал маусымдық кәсіппен айналысатын шаруалар төлейтін сома мүлдем басқа», – дейді Еркебұлан Мәмбетов.

Айта кету керек, дәнді және майлы дақыл өсірумен айналысатын фермерлер де мал шаруашылығымен айналысуға қарсы емес. Мәселен, ресейлік инвестор – Avgust компаниясымен әріптестік орнатқан «Ақ Жер 2010» ЖШС әзірге өсімдік шаруашылығын дамытып отыр. Бұл өз кезегінде Баян ауылының тұрғындарын жұмыспен қамтып, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Серіктестік директоры Александр Хитровтың айтуынша, алдағы уақытта қора-қопсы салып, асыл тұқымды мал өсірумен айналыспақ.

«Әзірге ақылдасып жатырмыз. Алдымен егін шаруашылығын дамытып алсақ дейміз. Содан кейін асыл тұқымды ірі қара өсіруді қолға аламыз, бірақ оның қашан жүзеге асатынын айта аламаймын»,–дейді Хитров мырза.

Жер пайдаланушыларға бірдей салық салу бастамасы ұсыныс күйінде қалып тұр. Ал жергілікті әкімдік сол арада бөлінген жерді мақсатты пайдаланбаған шаруашылықтармен басқаша сөйлесе бастады. Олардың жер телімін сот арқылы алып, басқа инвесторларға беріп жатыр. Алдымен кәсіпкер ісін жолға қойып, әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін біраз уақыт беріледі.

Соңғы рет бұндай әңгіме жергілікті әкімдік пен Айыртау ауданы, Светлое ауылының кәсіпкерлері арасында өрбіді. Кезінде ауруханасы, перзентханасы, бірнеше дүкені, тіпті қонақ үйі болған ауылда қазірге кезде күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп қана қалған. Шаруашылық жұмысшылары жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр. Жергілікті жұрт бұған кінәлі инвестор – «Жарқын-СК» ЖШС дейді. Компанияның қызметкерлер алдындағы қарызы 6 миллонға жеткен.

Жұмысшылардың жалақысы аймақтағы ең төменгі жалақы – 66 мың. Ал салық бойынша 50 млн теңге қарыз жиналыпты.

Облыс басшылығымен өткен жиында ауылдың байырғы тұрғыны Мәуеш Қалиев «Ауыл қирап барады, жастар жан-жаққа тарап кетті. Осы фирма біздің ауылға келгелі, жолымыздың да шұрқ-тесігін шығарды. Егінді себеді де, тайып тұрады», – деп күйінген еді.

Бұл ретте облыс әкімдігі «Жарқын-СК» компаниясына жыл соңына дейін уақыт берді. Осы уақыт аралығында кәсіпкер барлық қарызын жабуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, СҚО әкімінің айтуынша, жерінен айырылмақ.

Бұған дейін де «Транс-Авто» және «Богви» компаниялары жұмыс істеген жер осылайша қайтарылған еді. Қазір бұл жерде жаңа инвесторлар жұмыс істеп жатыр....
Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста