Солтүстік өңірге қоныс тебушілердің баспаналы болу мүмкіндіктері зор
Еліміздің астығы мол өлкесі Солтүстік Қазақстанның бүгінде экономикалық әлеуеті жақсартып, тұрғындарының тұрмысы әжептәуір көтеріліп келеді. Қазiргі мемлекеттiк саясат та осы өңірдегі халықтың әл-ауқатын арттырып, облыс тұрғындарының санын көбейтуге бағытталған. Осы тұрғыда бірнеше арнайы бағдарламалар қабылданып, іске асырылып келе жатқанына да біраз уақыт болды. Айталық Перопавловск және Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына еңбек күші артық өңірлерден көшіп келгенгендерді қоныстандыру жұмыстары ары қарай жалғасуда. Жақында Нұр-Сұлтандағы солтүстік қазақастандықтарды қайта қайтаруға қатысты жоба жүзеге асырыла бастады.
Қазақстанның солтүстік өңірінде соңғы жылдары миграциялық процестер бойынша оң өзгерiстер байқалады. Мысалы былтыр 2017 жылмен салыстырғанда облыстан көшiп кеткен адамдардың саны 15% азайған. Көптеген жастар қалаға қарай тұра қашпай өз өңірлерінде оқуды, жұмыс істеуді таңдаған. Шекаралық аймақтарға барып оқитын түлектердiң саны 13% қысқарған. СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, 2018 жылы СҚМУ гранттар санын 3 есеге өсірді. Бұрын 342 грант болса, қазір 1072 құрайды. Жергiлiктi бюджеттен 75 грант бөлiнген.
Өңірге 2018 жылы 1,5 мың адам немесе 450 отбасы көшiп келдi. Биыл тағы 2 мың адам келедi деп жоспарланған. Болашағы бар ауылдарда биыл 600 үй салынады. Осы ауылдарға жол, мектеп, амбулатория жөндеуге, ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бағытталады. Биыл 705 км жол жөндеуге 37 млрд. теңге бөлiнедi. 29 ауылға таза ауыз су келедi, бұл елдi-мекендерде 24 мың адам тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Оңтүстіктен солтүстікке көшу» бағдарламасын түсіндіру мақсатында Шымкентке арнайы барған болатын.
Аталған бағдарлама бойынша жыл басынан бері Қазақтанның солтүстігіне 231 отбасы көшіп келген Бұл бас-аяғы 700 адам. Олардың барлығына көшіп-қонуға қатысты жәрдем беріліп, баспанамен қамтасыз етілді.
– Бағдарлама іске қосылды. Үйлер салынуда .Мүмкіндікті пайдалана отырып, бір кездері біздің қаламыздан кетіп қалған, жұмыс іздеп,бапаналы болудың қамымен өзге қалада жүрген жерлестерімізді қайта туған жерлеріне келуге шақырамыз. Олар өз өңірімізге көшіп келсе, жаңа үй алу мүмкіндіктері бар, – дейді Солтүстік Қазақстан облысның әкімі Құмар Ақсақалов.
Өңірге көшіп келушілерге баспана ұсыну үшін облыста 428 үй салынады. Бұл үйлердің салынуына 3 млрд теңге қаржы бөлінді. Үйлер қоныс тебушілерге алдымен жалға беріледі, кейін олар осы үйлерді сатып алуына болады.
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарды басқа өңірлерден көшіруге арналған бағдарламалар жасап, елді мекендерден баспана беруді жоспарлап отыр.
«Оңтүстіктен солтүстікке көшу» бағдарламасы 2013 жылы қабылданған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Мақсат - солтүстік пен шығыстағы жұмыс күші тапшы аймақтарға оңтүстіктегі «жұмыс күші артық» облыстардан халықты көшіру.
Бағдарлама бүгінде қарқынды жүзеге асуда. Республиканың Солтүстік облыстарына өз еркімен барғысы келетіндерге мемлекеттен субсидия, одан бөлек көптеген жеңілдіктер қарастырылған.
2016 жылы еліміздің өзге өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына 125 отбасы - 546 азамат қоныс аударды. Оларға 63 елді мекеннен баспана беріліп, еңбекке жарамды азаматтар жұмыспен қамтылды. Ал, былтыр Қызылжар өңіріне 376 азамат немесе 81 отбасы көшіп келді. Биыл жыл басынан бері 196 отбасы, яғни, 682 тұрғын оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды.
«Біраз адам көшіп келді. Ол жаққа барсаңыздар біраз ағайындарыңызды табасыздар. Бизнестерін ашқан азаматтар, жетістікке жеткен азаматтар аз емес. Үкімет беріп отырған мүмкіндікті жақсы пайдаланып, бизнестерін ашты. Кейбір мәселелер бар, әрине, кепілдік жөнінде, несиелеу жөнінде. Ол мәселені шешудің механизмін табуға болады», деді шымкенттіктермен кездескен СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Түркістан облысынан биыл қоныс аударған 263 отбасының 63-і Қостанай облысына, 50 отбасы Шығыс Қазақстанға қоныс аударса, 43 жанұя Солтүстік Қазақстанды таңдаған. 107 отбасы Павлодар облысында түтін түтетіп жатыр.
«Қазақстан - біздің кең байтақ жеріміз. Әрбір шаршы метрі - ол біздің жеріміз. Елбасымыз да айтты ғой, халық мобильді болуы керек. Америкада да Нью Йоркта тұрып, Сан-Францискоға барып, жұмысты қатынап істейді. Солтүстік Қазақстанда жер өте құнарлы, ауыл шаруашылығында жүрген біздің біраз азаматтар барып, жер алса, картоп егіп, басқа нәрселерді егіп, мал асырауға жағдай жасалатын болса, ол жаққа барам деген азаматтар көп болады», - дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов.
Мамандардың есебінше, Солтүстік Қазақстан облысында 1031 бос жұмыс орны бар. Өзге өңірден теріскейге қоныс аударғандарды 224 елдімекен қабылдай алады.
«Біз - аграрлы өңірміз. Сондықтан экономиканың негізгі саласы - ауыл шаруашылығы. Қазір облыста жаңа техника өте көп, 1 комбайын шамамен 100 млн теңге тұрады, себу кешені бар трактордың құны - 30 мың АҚШ доллары. Сол себепті, ауыл шаруашылығында еңбек еткісі келген адамның дайындығы болу керек. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жұмыс істеуге келген адамның бүгін істеп, ертең кетіп қалмайтынына сенімді болғысы келеді. Бізге уақытша қоныс аударушылар емес, тұрақты тұрғындар керек», - дейді СҚО Құмар Ақсақалов.
Қызылжар өңіріне өзге облыстардан қоныс аударған отбасыларға мейілінше көмек көрсетіліп келеді. Олардың жолақысы толықтай өтеліп, үй-жаймен, жұмыспен қамтылуда. Сондай-ақ, отбасының әр мүшесіне 35 есептік айлық мөлшерінде көтермеақы төленіп жатыр.