“Серпін-2050” бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамту

“Серпін-2050” бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамту

 Қатарынан төртінші жыл жүзеге асырылып келе жатқан “Серпін” бағдарламасы биыл да жастарға арнап 5 000 грант бөлді. Аталған бағдарлама аясында бүгінде жастар жұмыспен қамтылып, жеке кәсіптерін ашып жатыр. Осы мемлекеттік “Серпін” бағдарламасы туралы әлі де ізденіп, білгісі келетіндер үшін төменде біршама ақпараттарды ұсынып отырмыз 

Алғаш рет 2014 жылы Елбасының тапсырмасымен “Мәңгілік ел жастары – индустрияға” мемлекеттік бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. Аталған бағдарлама бойынша 7 ЖОО мен 25 колледж жұмылдырылып, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатысты. Сол жылдары жоғары оқу орындарына 1 050, колледждерге 1 000 грант бөлінгенімен, маусымның аяғына дейін, бар болғаны 30 өтініш қана келіп түсіп, жоба өз мақсатына жете алмады.

Кейін еріктілердің атсалысуымен 2014 жылы “Серпін” жалпыұлттық, қоғамдық жобасы дүниеге келді. Бұл жобаның қажет екендігін дәлелдеу мақсатында зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Қазіргі таңда “Серпін” әлеуметтік жобасы еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі. Халықтың бұл жобаға деген қызығушылығы уақыт өткен сайын артып келеді. 2014 жылы жоба аясында 2050 студент, 2015 жылы 6 200, 2016 жылы 11 296 студент білім алды.

“Серпін” индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлап, жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастырады; жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тартады. Екіншіден, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттырып, жастардың жұмысшы мамандықтар алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады. Үшіншіден, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешеді.

“Серпін” бағдарламасына бөлінетін грант 2017 жылы 4 мыңға дейін көбейтіледі. Жобаға қатысатын ЖОО саны да артпақ. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама аясында оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады. Ең бастысы, ана тілін ұмытқан жандарды қазақыландыруға атсалыспақ. Жобаға бүгінде Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының түлектері қатыса алады.

Жоба жұмысын бастағалы бері 12 мыңнан астам азамат бұл бастаманың пайдасын көрген. 9212 студент ЖОО-ларын таңдаса, қалғаны кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқып жатыр. Алдағы уақытта оларды жұмыспен қамту жағы да қарастырылып отыр. Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестлеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Сонымен бірге, төртінші таңдау пәні ретінде алған пән бойынша ұпайы жақсы болуы керек.

Төртінші пән бойынша жинаған ұпайы өте төмен болса, таңдаған мамандығына оқуға түсуге мүмкіндіктері болмайды. Бұл шарт жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерге ғана қатысты. Ал, колледждер үшін мұндай шарт жоқ. Дегенмен, колледждерге де қабылдау емтиханы болады. Колледждерге жоғары оқу орындарына түсе алмаған және 2-3 жыл бұрын оқу бітіріп, грант иегері атана алмаған, ақылы бөлім бітірген азаматтар осы арнаулы орта оқу орындарын таңдауларына болады. Сонымен бірге, жобаға қатысқысы келетіндердің жасына шектеу қойылмайды. Қазіргі таңда “Серпін” арқылы 30 жастан асқан ерлі-зайыпты азаматтар да оқуға түсіп, қазір білім алуда.

Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі

1. Арнаулы немесе шығармашылық емтихандар өткізілетін мамандықтардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Педагогикалық немесе шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.

2. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.

3. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады. Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі. Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

4. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан жері бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

5. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

6. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.

7. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

8. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.

9. Арнаулы және шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

10. Арнаулы және шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

11. Арнаулы және шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

12. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

14. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанда бағаланады.

15. Шығармашылық емтихан бойынша 15-тен төмен (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.

16. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

17. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

18. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.

19. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

20. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

21. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

22. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

Жоғары оқу орындарына қабылдау

1. Студенттерді қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10 – 28 тамыз аралығында өткізеді. Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қосымша береді.

Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.

2. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады. Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері арнаулы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына қабылданады.

3. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал “Білім беру”, “Ауыл шаруашылығы ғылымдары” және “Ветеринария” мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал “Жалпы медицина” мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал “Білім беру” мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған) бітірушілері қабылданады. Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

4. Жоғары оқу орнына қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі. Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі. Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

5. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде жоғары оқу орнының студенттері қатарына қабылданады. Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап төрт аптадан асырылмай ұзартылады.

6. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

7. Осы Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста