Қостанайға оңтүстіктен көшіп келушілер жайлы репортаж түсірілді

Қостанайға оңтүстіктен көшіп келушілер жайлы репортаж түсірілді

Тамыз айының 5-10 аралығында Түркістаннан мемлекеттік қызметкерлер, журналисттер Қостанай облысына көшіп келген жерлестерінің тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін арнайы қонаққа келді. Тілшілер бұл аймаққа басқа да көшіп келушілерді тарту үшін осы өңірге қоныс теуіп, тірлік жасап жатқан азаматтар жайлы репортаждар жасады.

Соңғы 4 жылда өздерінің туған жерлерін тастап, Түркістаннан Қостанайға 22 отбасы қоныс аударған. Олардың барлығы көші-қон бағдарламасы бойынша көшіп келгендер. Енді міне, оларың соңынан мемлекеттік қызметкерлер, тарихшы-өлкетанушы, журналисттер келді. Қонақтардың мақсаты – жерлестері жайлы арнайы репортаж түсіру.
Балгын Бейсенова, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім жетекшісі: «Біз бұл өңірге қоныстанған жерлестеріміздің өмірін түсіргіміз келеді. Олар қарай тұрып жатыр, осы уақыт аралығында жаңа мекенге қалай үйреністі, соның бәрін көрсеткіміз келеді. Мұнда біздің жерлестеріміз негізінен білім, медицина, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүр».
Пресс-сапармен өңірге барлығы 13 делегат келді. Олар түркістандық отбасылар қоныстанған аудандар мен ауылдарды аралады.
Көшіп келушілердің бірі бір жылдың ішінде Сарыкөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалыпты. Сондай-ақ Сарыкөлдегі Соналы ауылының жабылуға аз қалған мектебі түркістандық отбасылардың балалырының арқасында жабылмай, аман қалды. Мұнда ата-аналарымен бірге 19 бала көшіп келген. Сонымен қатар мектепте оңтүстіктен қоныс аударған мұғалім мен медбике жұмыс істейді.

Солтүстікке көшіп келіп, жаңа өмір бастауға көпшілікті итермелейтін өзі тұратын аймақта жұмысқа орналаса алмауы. Осы уақытқа дейін Қазақстанның солтүстігіне барлығы 683 адам көшіп келген, бұл – 206 отбасы. Олардың көбі тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Сегіз адам өздерінің кәсібін ашты.
Солтүстік өңірге сапарлап келген қонақтар мұндай нәитжені жоғары бағалап отыр. Алдағы уақытта мұнда қоныс тебушілердің қатары артады деп болжап отыр. Түркістаннан арнайы келген делегаттар тек Қостанайға ғана емес Ақмола, Павлодар облыстарына да ат басын бұрды.

Жалпы, солтүстік аймақтарға көшу үшін отбасының әрбір мүшесіне мемлекет тарапынан 84 175 теңге мөлшерінде қаржылай көмек беріледі. Бір жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 72 150 теңгеге дейін қаржы төленеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орнын ашып, қоныс аударушыларды тұрақты жұмыспен қамтығандарға әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК көлемінде субсидия қарастырылған.

Егер 2016 жылы Қостанайға басқа облыстардан - 19, 2017 жылы - 30 ғана отбасы қоныс аударған болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 10 есеге ұлғайды. Биыл Қостанай облысы 272 отбасын қабылдауға әзір. Оның ішінде 35 отбасы Қостанай қаласына қоныс аудармақ. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова айтқандай,  жұмыс күшi тапшы аймақтарға отбасыларды көшіру бойынша арнайы жоспар жасалған.

«Қазір біз сырт облыстардан қоныс аударушылар үшін арнайы паспорттар әзірледік. Онда өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы: мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, денсаулық сақтау және басқа да нысандар туралы деректер көрсетілген. Келушілерді қабылдайтын аудан-қалалар бос жұмыс орындардың тізімін жасады. Бүгінде 216 жұмыс беруші 962 бос орын ұсынды. Сондай-ақ, отандастарымызды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп келеді. Отбасылардың қосалқы шаруашылықпен айналысуына да мүмкіндік бар», — деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда Қостанай облысына мұғалім, механизатор, дәрігер, көлік жүргізушілері сияқты мамандар жетіспейді екен. Оңтүстіктен келетін отбасылар осы мамандықтарға қызығушылық танытатын көрінеді. Естеріңізде болса, жыл басында қостанайлық делегация  Маңғыстау облысындағы бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан болатын. Сонымен қатар наурыз-сәуір айларында басқа облыстарда өтетін жәрмеңкелерге қатысып, Қостанайға келуге қызығушылық танытқан мамандарды іздеді. Енді осы жұмыстар нәтиже бере бастады. Биыл облыс бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста