Қазақстанда азаматтықтан шығу және азаматтық алу қалай жүзеге асырылады?

Қазақстанда азаматтықтан шығу және азаматтық алу қалай жүзеге асырылады?

Азаматтық алу, азаматтықтан шығу – кез-келген адамның құқығы. Дегенмен азаматтардың бұл құқығына мемлекет қарсы келетін тұстары да бар. Айталық, Қазақстанда қос азаматтық алуға тыйым салынған. Сондықтан шет елге қоныс аударғысы келетін азамат өзі тұруды жоспарлаған елдің азаматтығын алуы қажет және Қазақстанның азаматтығынан шығуы тиіс.
Қазақстан азаматтығынан шығу дегеніміз не, ол қалай жүзеге асырылады, басқа елге тұрақты тұруға кету үшін азаматтықтан шығу міндетті ме?  Қандай жағдайда мемлекет өтініш білдірушіні азаматтықтан шығарудан бас тартады? Міне, осы сұрақтарға Қазақстангың Көші-қон туралы заңнамасына және заңгер мамандардың жауаптарына сүйеніп, жауап іздеп көрдік. Азаматтықтан шығу
Азаматтықтан шығу – адамның мемлекетпен азаматтық қарым-қатынасын тоқтату құқығы. Бұл әлемдік тәжірибеде жиі кездесетін жағдай. Белгілі бір мемлекеттің тұрақты азаматы болудан бас тартқан адамазаматтықтан шығу үшін тиісті мемекеттік органдарға өтініш береді.
Біздің еліміздің заңнамасына сәйкес, егер Қазақстанда тұрақты тұратын адам уақытша басқа елде тұрып жатса, онда оған Қазақстандағы тіркелген орны бойынша көші-қон қызметінің бөлімшесіне өтініш жазуы керек. Ал, егер ішкі істер органдарының тіркеуінен шығарылса, өзі тұрып жатқан елдің консулдық бөлімшесіне баруына болады.
Азаматтықтан бас тарту?
Қазақстан азаматтығынан бас тарту үшін ең алдымен азамат Қазақстан Республикасының Президентінің атына өтініш жазады. Өтініш берушіден азаматтықтан бас тартуға не себеп болғанын дәлелді түрде түсіндіріп жазу талап етіледі.
Азаматтықтан шығару туралы өтініш жазудан басқа орындалуы тиіс қосымша талаптар:.
Көші – қон полициясына өтінішпен қоса жолданатын құжаттар:
• Өмірбаян;
• Өтініш-анкета;
3,5х4,5 көлемдегі 3 фото;
• Балалардың туу туралы және неке туралы куәліктердің көшірмесі;
• әскерге шақырылатын жастағылардың әскери қызметті өтеуден босату туралы аумақтық қорғаныс департаментінің анықтамасы;
• Оқу, жұмыс орнынан анықтама, жұмыс істемейтіндерге – ҚР ӘМ сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органынан мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің немесе меншік формасына қарамай мемлекеттік органдар мен ұйымдардың,адамдардың мүддесіне байланысты мүліктік міндеттемелердің бар-жоқтығы туралы анықтама;
• Материалдық немесе басқа да талаптардың жоқтығы туралы жұбайының немесе асырауындағы ата-аналарының нотариалды куәландырылған өтініші;
• Баж салығы төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
Көші-қон қызметінің бөлімшесіне азаматтықтан шығу туралы өтініш қалдыршы азаматтықтан шығудың талаптары мен салдарымен танысқандығы туралы қолхат жазуға міндетті.
Көші-қон полициясына өтінішпен қосып жолданатын құжаттар:
• Анкета-өтініш 2 данада;
• Өмірбаян 2 данада;
• 4х5см көлемдегі 3фото;
• Балалардың туу туралы және неке туралы куәлік;
• Консулдық алымды төлегені туралы құжат.
Азаматтықтан шығу туралы құжаттарды поштамен жібермей, өз қолыңмен консулдыққа апару керек немесе нотариалды куәландырып, сенімді өкіл арқылы тапсыру қажет.
Өтініш қаралған соң ҚР азаматтығынан шығу туралы анықтама немесе шығармаса себептері көрсетілген жауап беріледі.
Кімдер азаматтықтан шыға алмайды?
Заң бойынша өтініш ең көп дегенде 6 айдан аспайтын мерзімде қаралады. Құқық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ дипломаттар өз құзіреті шеңберінде жолданған өтінішті қабыл алмауға негіз болар себептің бар-жоғын анықтайды. Тыйым салуға себептер төмендегідей болуы мүмкін:
• Өтелмеген соттылығы;
• Айыпталушы мәртебесі немесе ешқайда кетуге болмайтыны туралы қолхатпен куәгер мәртебесінде болуы ;
• Азаматтықтан шығудың мемлекет қауіпсіздігі мүддесіне қайшы келетін жағдайлардың болуы. Мәселен, мемлекеттік құпияларға қатысы бар немесе "құпия" болып саналатын басқа да мәліметтермен жұмыс жасаған болса.
• Мемлекет алдында өтелмеген міндеттемелері немесе басқа азаматтар мен ұйымдардың мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттері болса. Бұл тұрғыда түрлі қарыздар да есепке алынады: салықтан бастап алиментке дейін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша басқа да міндеттемелер орындалмаса;
Көші-қон басқармасына ұсынылған барлық құжаттарды жинап, тексергеннен кейін, дәлелді шешім қабылдау үшін материалдар ҚР Президенті аппаратына жолданады.
Еліміздің заңнамасына сәйкес, азамат уәкілетті органға өтінішпен бірге жұбайының немесе асырауындағы адамдардың оған материалдық немесе басқа да талаптарының жоқтығы туралы құжатты нотариалды түрде куәландырып ұсынуы қажет. Кейде тіпті қажетті қолтаңбасын алу үшін азаматтар ешқашан көрмеген немесе өздерін бағып-өсірмеген ата-анасын іздеп табуы тиіс жағдайлар да кездеседі. Мұндай талаптардың негізсіз екенін азаматтар тек сот арқылы дәлелдеуі керек. Ал бұл біраз уақытты қажет етеді.
Әскери борышты өтеу
Мемлекет әскерге шақырылатын жасқа толған, бірақ әлі әскери міндетін орындамаған адамды азаматтықтан шығарудан бас тарта алады. Алайда денсаулық жағдайына байланысты әскерге баруға болмайтын жағдайлар ескеріледі. Жалпы азаматтықтан шығу үшін, 18-27 аралығындағы ер азаматтарға әскери борышын өтеу міндетті.
Басқа елге көшіп кету үшін азаматтықтан шығу міндетті ме?
Басқа елге көшкісі келген адамға шет елге кетуді рәсімдеу үшін Қазақстаннан тіркеуден шығуы керек. Өзге елде азаматтығы жоқ бірақ шетелде тұратын немесе елге оралуды жоспарлайтын адамдарға Қазақстанның азаматтығынан шықпауына болады.
Азаматтықтан шыққан күннің өзінде Қазақстаннан кету міндетті емес. Ондай адам мемлекет аумағында қанша тұрғысы келсе, сонша тұра алады. Мұндайда оған тек жаңа мәртебесін анықтап алуы қажет. Азаматтығы жоқ тұлға болып танылған адамға елден кету талабы қойылмайды, бірақ тұруға ықтиярхат алу үшін оған бірінші басқа елдің азаматтығын алу керек, сол елден Қазақстанда тұруға рұқсат алғаннан кейін барып, оралуы керек.
Егер Бірыңғай зейнатақы қорында зейнетақы жинағы бар адам басқа елге көшіп, азаматтығын ауыстырса немесе азаматтығы жоқ тұлға болса, онда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес БЗҚ-нан зейнетақы жинақтарын алып кетуіне құқы бар. Қаражат қолма қол берілмейді, елдің кез келген екінші деңгейлі банкінің есепшотына аударылады. Жинақтарын алу үшін БЗҚ-на азаматтығын ауыстырғанын растайтын құжат ұсыну қажет. Бұл – шетелге шығуды жоспарламаған азаматтардың БЗҚ-нан жинағын алып кету жағдайларын болдырмас үшін жасалатын рәсім.
Заңнамаға сәйкес, шет ел азаматтығын алған қазақстандық бұл туралы ішкі істер органына немесе ҚР СІМ шетел мекемелеріне хабарлап, төлқұжаты мен жеке куәгілін үш жұмыс күні ішінде тапсыруы тиіс. Өйтпеген жағдайда Қазақстан азаматтығы жойылған тұлғаның куәлігі мен төлқұжатын пайдалану фактісі – құқық бұзушылық болып саналады, ондайда оған 200 АЕК (1 АЕК – 2405 теңге) дейін айыппұл салынады. Үш күн деген мерзімде үлгермей қалмас үшін, заңгерлер басқа елге төлқұжат алуға шықпас бұрын, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуді рәсімдеуді ұсынады.
Қазақстан азаматтығы жойылғаннан кейін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен салық төлеушінің нөмірі (СТН) сақталады. Ұлттық заңнамаға сәйкес, шетелдіктердің ЖСН алуға құқы бар, кей жағдайда тіпті міндетті. ЖСН ықтиярхатқа жазылуы мүмкін.
Шетелге кеткен адам қайта Қазақстан азаматы болу мүмкін бе?
Бұрын Қазақстан азаматы болған адам қайта азаматтық ала алады. Алайда, бұрын азаматтықты қалпына келтіру тәртібі оңай жүзеге асырылса, 2015 жылдан бастап бұл мүмкіндіктер қысқартылды. Енді Қазақстанның бұрынғы азаматы бұл рәсімді жалпы негізде қайта қалпына келтіреді. Ол үшін ҚР Президентінің атына өтініш жазады. Ел аумағында тұрса, бұл рәсімді тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне барып жасауы керек.
Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста