Кәсіпкер болу үшін тәуекелшіл болу қажет
Қазіргі таңда өзгеге емес, өзі үшін жұмыс істеп, жеке ісін дөңгелеткісі келетіндердің саны жыл санап өсіп келеді. Жұмыс берушінің ай сайығы мардымсыз жалақысына қанағаттанбай, өзіне өзі қожайын болып, жеке кәсіпкер болуды жөн көретіндердің қатараның артып келе жатқандығы қуанарлық жағдай. Ресми емес дерек көздеріне сүйенсек, елімізде соңғы екі жылда 3 миллионнан астам адам бизнес тренингтерге қатысыпты. Олардың 5 пайызы тәуекелге бел буып, бизнес бастаған, ал 25 пайызында жеке іс бастауға ниет болғанымен, өз бойларындағы енжароықты жеке алмайтын көрінедін. Ал жартысынан көбі тек мотивациямен қанағаттанады. Қалғандарына жігер жетіңкіремей жатады.
Қазақстан Республикасы аймағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерінің нәтижелі жұмысының арқасында бүгінде жеке кәсіпкерлікті таңдаушылар көбейіп келеді. Бүгінгі таңда халықты бизнестің негіздеріне оқытып-үйрету «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазақстанда бизнес мектептер енді-енді дамып келеді. Мұндай мектептер әлемде әлдеқашан өркенлеп кеткен. Кез келген ірі бизнесменнен сұрасаңыз, өзінің жеке меншік тренерлері бар. Олар қашан да үйренуден жалықпайтындарын, үнемі өздерінің тренелерлерінің кеңесіне сүйенетінлерін айтады. Айталық, Энтони Роббинс, Брайан Трейси, Игор Манн сынды неше түрлі бизнес тренерлер, мотиваторлар өмірлерін осы салаға арнаған. Олардың бір сағаттық кеңесінің өзі бірнеше жүз мың АҚШ долларын құрайды екен.
Ең алғашқы бизнес мектептер Құрама Штаттарда пайда болған. Бостонда 1908 жылы құрылған Гарвард мектебі алғашқылардың бірі болып шәкірттеріне бизнестің қыр-сырын оқыта бастаған. Аты әлемде әйгілі бұл мектепте оқу үшін ойлау жүйең елден ерекше болуы керек.
Бізді еліміздегі бизнес мектептер саны да күн санап артып келеді. «Бизнес Бастау», «Q4 Business school», «Versus» деген секілді мектептер бүгінде көпшілікке аян. Қазақстандық бизнес мектептер үйретіп жатқан негізгі білім – қазіргі заманға сай үлгілер. Маркетинг, менеджемент, таргетинг, SMM, осылай жалғасып кете береді. Бұл салалар заманауи бизнестің негізгі өзегі. Мысалы, маркетинг – сату. Қолда барды ұқсатып, алдына келген адамға дұрыс сөйлеп, дұрыс жеткізу. Бардың бағасын арттыру. Бизнесте қажетті басты құрал. Келесі менеджмент бізге нағыз керегі – басқару. Бұл дегеніміз – келсін-келмесін біреуге қожаңдап, басшы болу дегенді білдірмейді Мұнда барлығын да тіптіштеп үйретеді. Таргетинг – аудиторияны таңдау. Әлеуметтік желілерде ақылы жарнама жіберу. Өйткені Facebook желісіне күн сайын 100 миллион видео көріледі екен. Snapchat- та тәулігіне 10 млрд видео қаралады. Мұның өзі көпті аңғартады. Ал соңғысы әлеуметтік желілерде қалай жұмыс істеуді үйретеді. Айталық, бір кісі ай сайын ары кетсе, 40-50 имың жалақы алады, бірде ол әлеуметтік желілер көмегімен ай ішінде 500 000 теңге табады. Өйткені ол желіні өз пайдасына қолдана біледі. Кәсіпте көп нәсіп бар екендігінің бір дәлелі осы.
Байлыққа жету де оңай емес, бірақ оны тұрақты ұстап тұру да үлкен сын. Көптеген мативаторлар «мақсат байлар қатарын толықтыру емес, жақсы өмір сүру» деген қағиданы көп мотиватор алға тартады. Расымен де үйде отырып керекті қаржыңызды таба аласыз.
Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет қолдау білдіріп отыр. Мұндайда тек өз ісіңді өркендету керек. Бір ғана мысал, әйгілі «ZARA» компаниясының негізін салушы Амансио жалдамалы жұмысынан шығып, әйелі екеуі азын-аулақ киім тігіп сатып жүреді. Күндердің күні көз көріп, құлақ естімеген мөлшерде тапсырыс алады. Тапсырысты орындау үшін қолда барды сарп етіп, тіпті қарыз да алады. Тауар дайын болған кезде тапсырыс берушілер тауардан бас тартады. Алған қарыз, қолда тұрған тауар мойынға жүк болғасын дүкен ашып, жекелей сатуға бел буады. Қазірде Амансио мырзаның дүние жүзі бойынша 1895 «Зара» дүкендер желісі бар. Ал өзге брэндтері әлемнің 88 елінде 6750 дүкенге жетті. Бизнес сырын білушілер «Амансионың тапсырыс берушілері сол кезде айнымаса, қазір оның атын әлем түгілі туған ауылы білмеуі мүмкін еді», – дейді.
Кәсіп істеген адам бірде жетістікке жетеді, бірде сынға ұшырайды, қалтасы қағылады. Тек мойымаған жөн екен.
Айым Асқар