Әлеуметтік кәсіпкерліктің пайдасы қандай?

Әлеуметтік кәсіпкерліктің пайдасы қандай?

Соңғы кездері бүкіл әлемде әлеуметтік кәсіпкерлікке ден қойғандар қатары артып келеді. «Ұлыбританияда ЖІӨ-нің 10 пайызы әлеуметтік кәсіпкерлікке тиесілі» деген статистика ғаламтордағы көп ақпарат құралында қылаң беріп жүр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттің бірқатар функцияларын үкіметтік емес секторға беру туралы ұсыныс айтқан болатын.


Әлеуметтік кәсіпкерлік – қоғамда қа­лып­­тасқан әлеуметтік, экологиялық мә­се­ле­лерді шешуге бағытталған бизнес түрі.
Ол – әлемде кеңінен таралған ұғым бол­ға­ны­мен, Қазақстан үшін жаңа тренд. «Әлеу­мет­тік кәсіпкерлік» деп аталатын жеке ка­те­гория болмағандықтан, бизнестің бұл тү­рін сипаттайтын нақты статистика жоқ. Тек өткен жылы Gladway әлеуметтік бағ­дар­ламалар мен медиажобаларды дамыту қоры мен SAP ТМД компаниясының бірлескен зерт­теу жобасы аясында Қа­зақстан мен Ре­сейдегі әлеуметтік кәсіп­керлік ұғымының та­ралуы зерттелген. Көршілес мемле­кет­тер­ден 574 азамат қатысқан сауалнама нәтижесі бойынша сұралғандардың 39 пайызы «әлеу­мет­тік кәсіпкерлік» терминімен бір жыл бұрын ғана танысқанын айтқан. Бұл қос мем­лекетте 2016 жылдан бері әлеуметтік жо­баларды қолдауға бағытталған байқаулар жә­не стартап жарыстардың көбеюімен тү­сін­діріледі.
Ғылым комитетіне қарасты Эко­номика инс­титутының ғылыми қызмет­кері, әлеу­мет­танушы Айсұлу Тұрсын­байқызы әлеу­мет­тік кәсіпкерлік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымының аражігін былай ажыратып берді.
– Әлеуметтік кәсіпкерлік – бизнестің қо­ғам үшін маңызды мәселелерді шешуді мақ­сат еткен ерекше саласы. Ең алдымен, біз әңгімемізге арқау етіп алған ұғым кәсіп­кер­ліктің бір формасы болғандықтан, ол пайда табуға негізделетінін ұмытпаған жөн. Бұл оның қайырымдылықтан айырмашы­лы­ғын айқындап береді. Өйткені қайырым­ды­лық – пайда табу мақсатынсыз, жобаға сал­ған ақшасы мен көмегі қайтарымсыз негізде жүретін мүлде бөлек категория. Әлеу­меттік кәсіпкерлік көбіне, қоршаған ор­та­ның экологиялық ахуалын жақсарту, абақтыдан шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, балалар демалысын тиімді ұйымдастыру сияқты қоғамда шешімін таппай, қордаланып қалған мәселелерді шешуге жұмыс істейді. Дәстүрлі әдістерге қарағанда, мұнда көбіне «әлеуметтік инновациялар» қолданылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қоғам назарын қажет ететін мәселелермен тұрақты, жүйелі түрде шұғылданады. Биз­нестің әлеуметтік жауапкершілігін эко­номиканың кез келген секторындағы компания белгілі бір уақыт аралығында, өз мүмкіндігі мен қалауына орай жүзеге асы­рады. Ол мұнай өндіретін алпауыт кә­сіпорын не азық-түлік өнімдерін шы­ғара­тын шағын зауыт болуы мүмкін. Аталған мы­салдағы қос компания да өз қызмет­кер­леріне қолдау көрсету, қоршаған ор­таны қорғауға бағытталған қысқамерзімді іс-шара ұйымдастыру, көмекке мұқтаж топтарға қаржы беру сияқты жобалар жа­сайды. Әлеуметтік кәсіпкердің су­бъек­тісі не объектісі – әлеуметтік жобалар. Яғ­ни, өз қол астына әлеуметтік аз қор­ғалған топ өкілдерін жұмысқа алады, бол­маса нақты бір көпшілікке пайда әкелетін жо­баны іске асыру жолында қызмет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік пен бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі ұғымдарының айыр­машылығы да – осында.
Қазір Қа­зақ­станда жастар мен 50 жас­тан асқан азаматтардың жұмыссыздық үлесі жоғары. Жұмыс берушілер бірінші топты тәжіри­бесінің аздығы, екіншісін кәсіби білікті­лігінің сай келмегендігі үшін таңдамауы мүмкін. Бірақ алғашқыларына эко­но­микалық белсенді халық қатарын то­лық­тырып, болашағын қамтамасыз ету­ге, соң­ғысына зейнетке шыққанға дейінгі он­­шақты жылында табыс табу мүмкін­дігі­нен айырылмау үшін жұмыс керек. Әлеу­меттік кәсіпкерлікті дамыту осындай көп мә­селенің шешімін тауып, мемлекеттің әлеу­меттік саясатын жүзеге асыруға кө­мек­теседі. Сондықтан осы салаға жаңа кә­сіп­керлік субъектісінің көптеп қо­сылуы үшін оларға салықтық жеңілдіктер, жергілікті әкімшілік тарапынан инфра­құры­лым, мекеме беру сияқты мемлекеттік қол­дау шараларын қалыптастыру қажет, – дейді Айсұлу Тұрсынбайқызы.
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлер қауым­дастығының президенті Гүлзира Аман­турлина әлеуметтік кәсіпкерлікті анық­тайтын үш негізгі критерий бар еке­нін айтады. Біріншісі – қаржылық тұра­қ­ты­лық. Бұл ең алдымен ұсынатын тауары мен қызметі тұтынушы көңілінен шығуды талап ететін қатаң нарықтық жағдайдағы қа­лыпты кәсіпкерлік. Өйткені әлеуметтік мә­селені шешу үшін қажетті қаржыны, қыз­меткерлерге ұсынатын жалақыны, кә­сіпорынның өзге де шығындарын сіз өзіңіз саудалайтын тауар не қызмет түріне де­ген сұраныс жоғары болғанда ғана қам­тамасыз ете аласыз. Екінші – әлеумет­тік мәселені жүйелі шешу. Гүлзира Амантур­ли­на бұл тұста Тұрғанжан қасымовтың жыл­жымалы пандустар туралы жобасын мысалға келтіреді. Оның мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған қажетінде тұр­ғын үйлер мен басқа ғимараттарда пай­далануға болатын, оңай жиналатын пан­дустары ерекше жандардың қозғалы­сында кез­де­сетін қиындықтарды мемле­кет­тің қа­ты­сынсыз шешуге жол ашты. Үшінші – бә­секенің жоқтығы. Қалыпты кәсіпкерлік нарығында бір салада екі бірдей өндіріс орны пайда болса, бір-бі­ріне бәсекелес болады. Әлеуметтік кәсіп­керлік саласында керісінше, бір адам қол­ға алған бастамаға екінші кәсіпкер қы­зығушылық танытса, ешкім қарсылық біл­дірмейді, қайта қуанады. Мәселен, сіз ба­лалар үйінің он түлегіне арнап жұмыс орнын құрған болсаңыз, тағы он адам дәл осы жобамен айналысуды қолға алса, нәтижесінде 60 жас өмірден өз орнын та­бады. Бұл бір жобаға қарағанда алты есе тиім­дірек. Біз қауымдастық басшысынан әлеуметтік кәсіпкерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жаңа саланың жолындағы кедергілер туралы әңгімелеп беруін сұра­дық.
– Әлеуметтік кәсіпкерлік – әлемде жақ­сы қалыптасып келе жатқан, үкіметтік емес ұйымдарға гранттық қаржыландыру­дан бөлек, тұрақты табыс табу режиміне көшуге, коммерциялық кәсіпорындарға әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сала. Біздің қауым­дастыққа азаматтық сектордың өкіл­дерінен бөлек, коммерциялық кәсіпо­рын­дар да жиі хабарласады. Мәселен, жуыр­да Талдықорғандағы пицца дайын­дай­тын мейрамхана желісінің иесі бай­ла­ныс­қа шығып, қазіргі кәсіпкерлігіне қо­сым­­ша қоғамға пайдалы іспен ай­на­лыс­қысы келетінін жеткізді. Біз онымен бірлесіп, қаладағы зейнеткер әжелерге табыс көзін табуды ұйымдастырдық. Мей­рам­ханалар желісі бірнеше әжеге дас­тарқан, сулық сияқ­ты бұйымдарды тігуге тапсырыс бер­ді. Енді олар сүйікті ісімен айналысып, зей­нетақысына үстеме та­бысқа қол жет­кізеді. Бізде әлеуметтік кә­сіпкерлік өкіл­дерінің көбі үкіметтік емес сектордан бастайды. Олардың кө­бінде меншік иесінің қос формасы тір­келген. Бұл не үшін керек? Мәселен, эко­дорбалар шығаратын кәсіпорын биз­неске салған ақшасын ақтап, тұрақты табыс айналы­мына қол жеткізгенге дейін, оған қар­жылық көмек керек. Бұл жағдайда кәсіп­керлік субъектісі мемлекеттік грант не өзге қайтарымсыз деңгейдегі қаржы­лан­дыруды үкіметтік емес ұйым ретінде алса, коммерциялық кәсіпорын құқығы­ның болуы оған банктерден кредит алуға мүмкіндік береді. Осыдан бірнеше жыл бұрын қауымдастық мүшелері «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымын заңға енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Атаулы заң жобасының енгізілуін қолдайтындар осы арқылы сала кәсіпкерлерінің жұмысы жеңілдеп, қосымша қолдауға ие болуына жол ашылады деп сенсе, қарсы топ «заң аясында нақты анықтама беру әлеуметтік кәсіпкерлікті белгілі бір шекараға салып қояды, кейін қажет болған жағдайда, заңдағы анықтаманы өзгерте алмаудың әуресі басталады» деп алаңдайды. Осы тұста «Әлеуметтік кәсіпкерлік» туралы заң бүкіл әлем бойынша тек Оңтүстік Кореяда ғана бар екенін атап өткім келеді. 2016 жылғы есеп бойынша, Қазақстанда 120-150 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бар. Дегенмен біз алдағы уақытта әлеуметтік кәсіпкерлікті кешенді зерттеп, нақты статистика шығарсақ дейміз.
Гулзира Амантурлина Бизнестің әлеу­мет­тік жауапкершілігі үшін берілетін 3 пайыз­дық салықтық жеңілдіктің коммер­ция­лық компанияларды қайырымдылық жо­лына ынталандырушы құрал бола ал­майтындығын атап өтті. «Әлеуметтік кә­сіпкерлер үшін ешқандай жеңілдік қарас­тырылмаған. Сондықтан бұл салаға келуге ынталы азаматтардың қаржылық жағдайы едәуір тұрақты болуы керек» деген кәсіп­кер аталған саланың жақсы қарқын алып келе жатқанына тоқталды.
– Қазір әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық көп. Әсіресе, инвесторлар қайырымдылыққа қаржы бағыттағаннан, оны бизнеске салып, бір бөлігін қайтарып алғанды жақсы көреді. Әлеуметтік стартап жо­баларға байқаулар мен білімін жетіл­діру­ге гранттар беретін жарыстар жиі ұйым­дастырылады. Әлеуметтік кәсіп­кер­лік­пен айналысуға кедергі жоқ. Тек аза­маттық сектордан әлеуметтік кәсіп­кер­лікке бет бұратын көп басшының бизнес саласында арнайы білімі болмағандықтан, қиындықтарға тап болуы мүмкін, – дейді ол.
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік­тің негізгі бағыты мүмкіндігі шектеулі жан­дарды қолдау, балаларды бұқаралық спорт­қа баулу, қоршаған ортаны қорғау сияқ­ты мәселелерге арналған. Сәтті жо­балардың қатарына Ерлан Күмісқалиевтің Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларды иппотерапия негізінде емдеуге маманданған оңалту орталығы, Анна Шелепованың тұрғын үй аулаларында те­гін спорттық алаңдар, мұз айдындарын салу­ды көздеген Sport Concept жобасы, Ай­бек Есімовтің балалар үйінің тәр­бие­лену­шілері үшін тегін би үйрететін MMDance орталығын жатқызуға болады. Елі­міздің әр өңірінде әлеуметтік кәсіп­кер­лік­тің мұнан өзге жүздеген жарқын үлгі­лері бар.
Демографиялық өсім орын алған сайын, мемлекеттің алдында тұрған кезек күт­тірмей шешуді қажет ететін әлеуметтік мә­селелер де арта түседі. Кәсіпкерлік эко­номиканың негізгі қозғаушы күшіне ай­нала алатынын дамыған елдердің мыса­лы­нан көрдік. Әлеуметтік кәсіпкерлік ұғы­мын зерделей келе, бұл саланың бюд­жетке түсіретін пайдасынан бөлек, қ­о­ғам­ның «жанайқайына» жауап беріп, мем­лекеттің мойнына артылған міндетін жеңіл­дететіне тағы да көз жеткіздік.

Динара ТІЛЕУБЕК

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста