Жастар неге жарымжан сөзге құмар?

Жастар неге жарымжан сөзге құмар?

- Эй, қайда барасың?

- Магазинге!
- Қалтаңда тиын болса, сущняк пен тіске басар ал да, бері қарай тартылсай.
- Айтсаң болды ғой, братуха!
Міне, қазіргі жастардың сөйлеу әдебі мен мәдениеті осы қалыпта. Ақын Мағжан Жұма­баевша айтқандағы таза, терең, өткір, күшті, кең тіліміздің өзегіне түскен жегіқұрты да – дәл сол жарымжан сөздер. Ал, төл тіліміздің тамырынан жан, сабағынан нәр кетіріп, түрлі жар­гондар мен сленгтерді жиі қолдану бүгінгі буынның әдетіне айнал­уда. Жастар сөздігіндегі сипатсыз жаргон сөздердің мағына­сы  бар ма? Әдетте белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың бас­қаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі осылай аталады. Күнделікті айтылып жүрген жаргон және сленг сөздер төл тілі­міздің тазалығын ластап, тұнығын лайлап, кәусарын сарқып та үлгерді. Мәнсіз, мағынасы да түсініксіз  бұл сипаттағы сөздер­ді жастар көп қолданатындықтан ортаға сіңісуі де тез, ай­тылуы да жиі. Мәселен, жоғарыдағы «сущняк» сөзі – шөл басар су­сыны, «тіске басары» – қажетті тағамы, ал «тартыл» дегені – қатарымызға  қосыл, жанымызға кел дегені. Онсыз да елге, жерге, ұлтқа, руға, дінге, тілге бөлініп жүрген қазақ жастары қазіргі күні тіл ішінен тіл қалыптас­тырды. Тіл тәрбиесі тал бесіктен баста­ларын  ескерсек, жастардың ауызекі  сөйлеу мәдениеті табалдырықта қалып қойған секілді. Заман талабына сай болуға ұм­тылатын бүгінгі буын өздеріне ыңғайлы түсті тауып алуға қашанда бейім. Әрине, киген киімі, қыдыратын орыны мен мамандықтарының өзгеше бо­ларын білгенмен, өздеріне тән тіл қалыптастырады деген ойды ешкім ойламаса керек. Сондай-ақ, қалыпты тілден ауытқыған мысқылды сленг сөздер де са­намызға дендеп сіңіп алған. Бұлардың ана тілін жүдетіп, қайратын сындырып жүргені тағы бар. Бейәдеби тілдің катарына жататын  жаргондар мен сленгтер түсініксіздігімен қатар құлаққа түрпідей тиеді. Не грамматикалық, не фонетикалық тұрғыдан сипат түгіл сиқы да жоқ бұл сөзге жастар неге сонша құмартып жүр? Бәлкім, жанындағы адамдарға әсер қалдыру үшін елден ерекшеленген түрі болар. Егер түпкі ойы осыған саяты­н болса, онда біз тұрпайы мәдениет пен жұрдай әдептің арасында жүрміз. Себебі, қолайсыз айтылған сөз саптауынан қандай әдеп, қандай сыпайылық күтуге болады. Ол – ол ма, жол-жөнекей жолығысып қалған құрбылардың  өзі қарапайым ғана  хабарласып тұратындық­тарын жеткізу үшін “курста болайы­қ” деп жаргондап жет­кізеді. Осыдан кейін қоғам мен адам жаны тазалығының сақ­таларына күмән бар. Ал жаны тазай­ын  емес адам  айналасын да ластап, ардан безіп, ұяттан аттап­, әдептен аулақ болары бел­гілі. Жабайы тіл мәңгүрт ойдан туады. Сонда біз қандай ұрпақ тәрбиелеп  отырмыз?
- Өткендегі фигурасы ат деп жүрген қызға не қылдың, сөз салдың­  ба?
- Жоқ...
- О, тормоз, неғып жүрсің енді зависать еткен дискі сияқты...
- Ой фигурасы ат болғанмен, бетін трактор басып кеткен.
- А-а-а.
- Өзі анда-санда маяк тастап тұрады, мен де типаж боп звондамай  жүрмін.
- Байқа! Құлағыңнан теуіп кетіп жүрмесін.
Қарап  отырсаңыз,  әлеумет­тік желілердегі екі достың әңгі­месі жабайы жаргондар мен сленгте­рсіз өрбімейді. Онсыз сөйлесе, жастар тілімен айт­қанда, “жер” (ұяттан төмен қарау)  болып қалардай. Ал жастар небәрі 40-50 шақты жарымжан жабайы сөздерді қашанғы сүйреп, қай жерге дейін жет­кізер екен. Ілтипат жұтаңдап, инабат жоғалған  мына заманда тіл әде­бінің  де құрдымға кеткендігі баба  аманатына  жасалған қия­нат екендігі рас. Алаш зиялысы М.Шоқайша айтқанда “Тіл - халықтың перзенті”, ал біз оны Абай  тілінде, қашан  ұстартады екенбіз.
Уақыт өтер, керуен көшер. Ал тіл тазалығын сақтау туралы мәселе жастард­ың сөйлеу мәдениеттілігінен басталу керек. Бізде бәрі тазаланып келеді. Әсіресе, көшедегі қоқыс тастағанға да ескерту бері­ліп, айыппұл төлетеді. Ал тілге келгенде жігер де жоқ, жүген де жоқ. Кім қалай сөйлесе де өз еркі, себебі тілге салынар тұсау тағы жоқ. Құрығанда құрмет болса ғой. Өкі­ніштісі, төл тіліміздің сол қоқыс құрлы беделінің болмағандығы. Бәлкім бізге де кей мемлекеттер секілді “Тіл полициясы” қажет шығар?!

www.halyk-gazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста