Жақсылық Орынбасар: "Оралмандар саясатқа сауатсыз"

Жақсылық Орынбасар: "Оралмандар саясатқа сауатсыз"

Осыдан біраз уақыт бұрын экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова «Еңбекке жарамды оралмандардың 8,6 пайызы жоғарғы білімді, 20,6 орта білімді, 71 пайызының жалпы білім бар немесе мүлдем білім алмаған... Бұл мәселе оралмандардың қоғамға сіңісіп кетуіне кедергі болуда» деп мәлімдеме жасаған еді. Осыған байланысты 5-6 шілдеде Астанада өткен айтыста Мұхтар Ниязовпен сөз сайыстырған Жақсылық Орынбасар былай деген еді.

 

Министрім сауатсыз деп айтыпты,
Одан менің кемімейді мерейім,
Оралмандар шынында да сауатсыз,
Мен өзім-ақ тізіп айтып берейін.


Оралмандар тіл жағынан сауатсыз,
Өзге тілді қаперіне ілмейтін.
Шала тілді адамдардан үлгі алып,
Ана тілде міңгірлеуді білмейтін.


Оралмандар махаббатқа сауатсыз,
Өзге ұлтпен бола алмайтын ете-ене.
Орыстармен отау құра алмайтын,
Немістермен тұра алмайтын некеге.


Оралмандар саудаға да сауатсыз,
Сондықтан да ете алмаймын мен мақтан.
Біз шетелге бала сатып жатқанда,
Сол шетелден баласымен кеп жатқан.


Оралмандар тәрбиеге сауатсыз,
Балаларды топырлатып таптырған,
Дайын тұрған садиктерге жібермей,
Үйде отырған шал-кемпірге бақтырған.


Оралмандар саясатқа сауатсыз,
Ашылмайтын терезені қағатын.
Азаматтықты алақойшы десең де,
Төрт, бес жылдай жүріп әрең алатын.


Оралмандар өнерге де сауатсыз,
Көштен қалған көзқараспен талдайтын.
Даладағы айтыстарға жүгіріп,
Сарайдағы консерттерге бармайтын.


Оралмандар мәдениетке сауатсыз,
Сексендегі шалдың өзін билеткен.
Харлем шейкке қарық болып жүргенде,
Қайдағы бір қаражорғаны үйреткен.


Министрім ойласаңшы дұрыстап,
Жеткізіңдер Жақсылықтың сәлемін,
Сауатсызды саутсыз деу үшін де
Сауаттырақ болу керек дәлелің.


Барлық қазақ ата жұртқа оралып,
Туыстарың толтырса екен жерді бос,
Келгендерді кеудесінен қақпасақ,
Қабдеш көші болмайды енді соңғы көш,
Азаматтық алу жағы шешілсе,
“Соңғы көшің” болмайды енді сорлы көш.

kazaitys.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста